Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1131 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1131 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1131 қаулысымен.
      3-5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1131 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1131 қаулысымен   
бекiтiлген       

Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен
жабдықтау ережесi мен шарттары

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда берілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1131, тақырыпқа өзгерту енгізілді - 2006.07.13 N 669 (pecми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң   қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгілейдi.

  1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

      Үздіксіз электрмен жабдықтау объектілері (бұдан әрі - ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз электрмен жабдықтауды қажет ететін мемлекеттік және жеке меншік нысандағы шаруашылық инфрақұрылым объектілері.
      Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттілiктегi электр қуаты.
      Электр энергетикасы объектiлері жұмысының айрықша режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылулар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлі режим.
      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.09 № 649 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  2. Авариялық броньмен қамтамасыз етілетiн объектiлер

      1. Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді:
      мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер;
      теле-радиокоммуникациялар;
      сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
      емдеу мекемелерi;
      олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;
      титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.13 N 669 (pecми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.06.09 № 649 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объект үшiн энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергияны беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық бронi актiсiн жасау тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес авариялық броннiң актiсiн жасайды, онда авариялық броннiң шамасы мен объектiнi қоректендiру схемасы көрсетiледi.
      Авариялық бронның актiсi уәкiлеттi органға (жергiлiктi атқарушы орган) жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi қуаттың жиынтық шамасын белгiлейдi.
      4. Әрбiр YЭО үшін авариялық бронның шамалары көрсетiлiп YЭО тiзбелерi жүйе операторына берiледi.

  3. YЭО объектiлерiне арналған электр
энергиясын берудiң тәртiбi

      5. Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым, белгіленген тәртiппен жасасылған, екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Шарт жасасу кезiнде:
      мемлекеттік мекеме болып табылатын YЭO облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi;
      мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын ҮЭО энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi.
      Облыстық қаржы басқармасының жазбаша растауы және банкiлiк кепілдеме энергиямен жабдықтауға және электр энергиясы: беруге арналған шарттардың ажырамас бөлiгі болып табылады.
      6. ҮЭО электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның берген электр энергиясы үшін шоттарына төлем жасамаған кезде электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым ҮЭО-ге электр энергиясын жеткiзудi авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеуге құқылы, бұл туралы өзiнiң құрамында ҮЭО бар ұйымға кемiнде 14 тәулiк бұрын ескертедi.
      7. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи зiлзалалар) YЭО-ге электр энергиясын жеткiзуге арналған шарттық мiндеттемелердi атқаруды электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тоқтата тұруы мүмкiн. Бұл жағдайларда электр энергиясын бөлу барлық электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын оның нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
      8. YЭО-ге электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезiнде электр энергиясын жеткiзу өңiрдiң авариялық бронын өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн YЭО үшiн жеткiзудi қамтамасыз ететiн энергия беруші ұйымдар әзiрлеген схемалар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

  4. ҮЭО үшін электр энергиясын беру бойынша
есеп айырысулардың тәртібі

      9. Ажыратылмайтын объектiлердiң бекiтiлген тiзбесiне кiретiн YЭО үшiн шарттар бойынша берiлетін электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасасылған екi жақты шарт негiзiнде жүргізiледi.
      10. YЭО-нiң электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезеңiндегі авариялық бронды өтеуге тұтынылатын және/немесе берiлетiн электр энергиясы үшiн есеп айырысуларды электр энергиясын iс жүзiнде беруші жеткiзуші жүргiзедi.
      11. YЭО авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеу жағдайы туындаған кезде, авариялық бронь бойынша тұтынылған және/немесе берiлген электр энергиясы үшiн есеп айырысулар:
      мемлекеттiк мекемелер үшiн электр энергиясын тұтынуға арналған шығыстарда көзделген бюджеттiк қаражаттың есебiнен;
      мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн - жасасылған шарттардың және банкiлiк кепілдеменiң шеңберiнде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил и условий энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 1998 года N 207. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2015 года № 657

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.08.2015 № 657 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 245.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правительства РК от 29 октября 2004 г.  N 1131  .      

      В целях бесперебойного электроснабжения жизненно важных объектов Республики Казахстан, для которых недопустимы перерывы в подаче электроэнергии, обеспечения своевременной гарантированной оплаты за потребленную этими объектами электроэнергию по аварийной брони, недопущения сбоев в работе объектов электроэнергетики по причине неплатежей Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь.
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г.  N 1131  .
      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов совместно с Министерством финансов Республики Казахстан по согласованию с Министерством по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в месячный срок составить и представить на утверждение в Правительство Республики Казахстан перечень объектов непрерывного электроснабжения республиканского значения, а также определить для них величину аварийной брони.
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г.  N 1131  .
      3. - 5.  Исключены постановлением Правительства РК от 29.10.2004 N 1131

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

 

                                       Утверждены
                              постановлением Правительства
                                  Республики Казахстан
                               от 12 марта 1998 г. N 207       

 Правила и условия
энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь

      Сноска. В заголовок внесены изменения постановлением Правительства РК от 13 июля 2006 года N  669 .

      Сноска. Правила - в редакции постановления Правительства РК от 29 октября 2004 г.  N 1131  .

      Настоящие Правила определяют порядок обеспечения электрической энергией организации хозяйственной инфраструктуры Республики Казахстан, отключение которых представляет опасность для жизни людей или влечет за собой катастрофические или экономические последствия и устанавливает порядок оплаты за ее поставку.
      

                1. Понятия, используемые в настоящих Правилах

      Объекты непрерывного энергоснабжения (далее - ОНЭ) - объекты хозяйственной инфраструктуры государственной и частной форм собственности, в силу технологических причин нуждающиеся в непрерывном энергоснабжении, отключение которых может привести к гибели людей, нарушению работы объектов жизнеобеспечения, катастрофическим экологическим, социальным или экономическим последствиям.
      Аварийная бронь - минимально необходимая электрическая мощность, подача которой на объект непрерывного энергоснабжения сохраняет функционирование важных для него устройств и предотвращает нарушение работы объектов жизнеобеспечения, а также катастрофические экологические, социальные или экономические последствия или гибель людей.
      Особый режим работы объектов электроэнергетики - вынужденный режим, вводимый при крупных технологических нарушениях на объектах электроэнергетики.
      Сноска. Раздел 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 09.06.2011 № 649 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

            2. Объекты, обеспечиваемые аварийной бронью  

      1. В перечень объектов непрерывного энергоснабжения, для которых определяется величина аварийной брони, включаются:
      объекты, обеспечивающие безопасность государства;
      теле-радиокоммуникации;
      предприятия водоснабжения, канализации и теплоснабжения;
      лечебные учреждения;
      объекты, обеспечивающие противопожарную безопасность, содержание которых предусмотрено бюджетом;
      объекты металлургических предприятий непрерывного производства титана и магния электролизным способом;
      объекты аэронавигационной организации, обеспечивающие обслуживание воздушного движения.
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 13.07.2006 N 669; от 09.06.2011 № 649 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      2. Для каждого объекта, включенного в перечень ОНЭ, энергоснабжающей и/или энергопередающей организациями совместно с представителем ОНЭ составляется акт аварийной брони в соответствии с инструкцией о порядке составления акта аварийной и технологической брони энергоснабжения, утвержденной уполномоченным органом, в которой указывается величина аварийной брони и схема питания объекта.
      Акт аварийной брони направляется в уполномоченный орган (местный исполнительный орган). Акт аварийной брони является обязательным приложением к договору на энергоснабжение и/или договору на передачу электроэнергии.
      3. Уполномоченным органом (местным исполнительным органом) после получения актов аварийной брони определяется суммарная величина мощности, необходимая для покрытия аварийной брони, соответственно для каждого региона.
      4. Перечни ОНЭ с указанием величин аварийной брони для каждого ОНЭ передаются системному оператору.
      

                 3. Порядок поставки электроэнергии для ОНЭ

      5. Поставка электрической энергии в объеме, необходимом для нормального функционирования каждого ОНЭ, осуществляется энергоснабжающей и/или энергопередающей организацией на основе двухстороннего договора, заключаемого в установленном порядке.
      При заключении договора:
      ОНЭ, являющийся государственным учреждением, представляет письменное подтверждение областного финансового управления о средствах, предусмотренных в бюджете на расходы данного учреждения по потреблению электроэнергии;
      ОНЭ, являющийся государственным предприятием или иной организацией, представляет энергоснабжающей и/или энергопередающей организации банковскую гарантию, оформленную в порядке, установленном  законодательством  Республики Казахстан.
      Письменное подтверждение областного финансового управления и банковская гарантия являются неотъемлемой частью договоров на энергоснабжение и передачу электроэнергии.
      6. При неуплате ОНЭ счетов энергоснабжающей и/или энергопередающей организации за поставленную электроэнергию энергоснабжающая и/или энергопередающая организация вправе ограничить поставку ОНЭ электроэнергии до уровня аварийной брони, предупредив об этом организацию, имеющую в своем составе ОНЭ, не менее чем за 14 суток.
      7. При возникновении чрезвычайных ситуаций (землетрясения, наводнения, другие стихийные бедствия) исполнение договорных обязательств на поставку электроэнергии ОНЭ энергоснабжающей и/или энергопередающей организацией может быть приостановлено по решению Правительства Республики Казахстан. В этих случаях распределение электроэнергии будет осуществляться по его указанию, которое является обязательным для всех энергоснабжающих и/или энергопередающих организаций.
      8. Поставка электроэнергии для ОНЭ при особом режиме работы объектов электроэнергетики должен осуществляться по разработанным энергопередающими организациями схемам, обеспечивающим подачу для ОНЭ региона количества электроэнергии, необходимой для покрытия аварийной брони.

              4. Порядок расчетов по поставкам электроэнергии
                для ОНЭ

      9. Расчеты с энергоснабжающей организацией за электроэнергию, поставляемую по договорам для ОНЭ, входящих в утвержденный перечень неотключаемых объектов, производятся на основе двустороннего договора, заключаемого в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      10. Расчеты за потребляемую и/или передаваемую на покрытие аварийной брони ОНЭ электроэнергию в период особого режима работы объектов электроэнергетики производятся с фактическим поставщиком электроэнергии.
      11. При наступлении обстоятельств ограничения энергоснабжения ОНЭ до уровня аварийной брони расчеты за потребленную и/или переданную электроэнергию по аварийной брони осуществляются:
      для государственных учреждений за счет бюджетных средств, предусмотренных в расходах на потребление электрической энергии;
      для государственных предприятий и иных организаций в рамках заключенных договоров и банковской гарантии.