Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1131 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 17 шiлдедегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 55-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы";
      1-тармақта "Қоса берілiп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруiне арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереже" деген сөздер "Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта ", индустрия және сауда", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетімен" деген сөздер "және минералдық ресурстар", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3, 4 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Авариялық броны бар тұтынушыларды электрмен жабдықтау және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын беруіне арналған шығындарды өтеудiң тәртiбi туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 29 қазандағы 
N 1131 қаулысымен   
бекiтiлген       

  Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен
жабдықтау туралы ереже мен шарттар

      Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгілейдi.

  1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар

      Yздiксiз электрмен жабдықтау объектілерi (бұдан әрi - YЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өлiмiне, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкiн, технологиялық себептерiне байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды қажет ететiн шаруашылық инфрақұрылым объектiлерi.
      Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттілiктегi электр қуаты.
      Республикалық маңызы бар ҮЭО - мемлекеттiк меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi, оларға авариялық бронь мөлшерлерiнде электр энергиясын жеткiзу осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шегiнде, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Жергіліктi маңызы бар YЭО - тiзбесiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн мемлекеттiк меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi.
      Электр энергетикасы объектiлері жұмысының айрықша режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылулар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлі режим.

  2. Авариялық броньмен қамтамасыз етілетiн объектiлер

      1. Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді:
      мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер;
      теле-радиокоммуникациялар;
      сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
      емдеу мекемелерi;
      олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер.
      2. YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объект үшiн энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергияны беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық бронi актiсiн жасау тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес авариялық броннiң актiсiн жасайды, онда авариялық броннiң шамасы мен объектiнi қоректендiру схемасы көрсетiледi.
      Авариялық бронның актiсi уәкiлеттi органға (жергiлiктi атқарушы орган) жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi қуаттың жиынтық шамасын белгiлейдi.
      4. Әрбiр YЭО үшін авариялық бронның шамалары көрсетiлiп YЭО тiзбелерi жүйе операторына берiледi.

  3. YЭО объектiлерiне арналған электр
энергиясын берудiң тәртiбi

      5. Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым, белгіленген тәртiппен жасасылған, екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Шарт жасасу кезiнде:
      мемлекеттік мекеме болып табылатын YЭO облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi;
      мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын ҮЭО энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi.
      Облыстық қаржы басқармасының жазбаша растауы және банкiлiк кепілдеме энергиямен жабдықтауға және электр энергиясы: беруге арналған шарттардың ажырамас бөлiгі болып табылады.
      6. ҮЭО электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның берген электр энергиясы үшін шоттарына төлем жасамаған кезде электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым ҮЭО-ге электр энергиясын жеткiзудi авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеуге құқылы, бұл туралы өзiнiң құрамында ҮЭО бар ұйымға кемiнде 14 тәулiк бұрын ескертедi.
      7. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи зiлзалалар) YЭО-ге электр энергиясын жеткiзуге арналған шарттық мiндеттемелердi атқаруды электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тоқтата тұруы мүмкiн. Бұл жағдайларда электр энергиясын бөлу барлық электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын оның нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
      8. YЭО-ге электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезiнде электр энергиясын жеткiзу өңiрдiң авариялық бронын өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн YЭО үшiн жеткiзудi қамтамасыз ететiн энергия беруші ұйымдар әзiрлеген схемалар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

  4. ҮЭО үшін электр энергиясын беру бойынша
есеп айырысулардың тәртібі

      9. Ажыратылмайтын объектiлердiң бекiтiлген тiзбесiне кiретiн YЭО үшiн шарттар бойынша берiлетін электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасасылған екi жақты шарт негiзiнде жүргізiледi.
      10. YЭО-нiң электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезеңiндегі авариялық бронды өтеуге тұтынылатын және/немесе берiлетiн электр энергиясы үшiн есеп айырысуларды электр энергиясын iс жүзiнде беруші жеткiзуші жүргiзедi.
      11. YЭО авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеу жағдайы туындаған кезде, авариялық бронь бойынша тұтынылған және/немесе берiлген электр энергиясы үшiн есеп айырысулар:
      мемлекеттiк мекемелер үшiн электр энергиясын тұтынуға арналған шығыстарда көзделген бюджеттiк қаражаттың есебiнен;
      мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн - жасасылған шарттардың және банкiлiк кепілдеменiң шеңберiнде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады