Тапсырысшысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы болып табылатын Ақмола қаласындағы өтпелi объектiлердiң құрылысын мемлекеттiк бюджеттiң "1998 жылы Ақмола қаласын дамытудың бiрiншi кезектегi объектiлерiнiң құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 ақпандағы N 91 P980091_ қаулысында көзделген қаражатының есебiнен қаржыландыруда жеделдiктi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Тапсырысшысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы болып табылатын Ақмола қаласындағы өтпелi объектiлердiң құрылысын бюджеттiк қаржының есебiнен қаржыландыру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi банк болып "Тұрғынүйқұрылысбанкi" жабық акционерлiк қоғамы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы "Тұрғынүйқұрылысбанкi" жабық акционерлiк қоғамымен тиiстi агенттiк келiсiм жасассын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi