Фосфор кiшi саласы кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр айлық мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен фосфор кiшi саласы акционерлiк қоғамдарының берешектерiн өтеудi ескере отырып Спирт өндiру жөнiндегi кешендi жабдықты (Спейшим, Франция) "ЛУКойл-Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының меншiгiне беру жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңда
белгiленген тәртiппен фосфор кiшi саласы акционерлiк қоғамдарының
француз несие желiлерi бойынша қаражаттың қайтарылуы үшiн қажеттi
сомаға республикалық бюджеттiң алдындағы берешектерiн өтеуiн
қамтамасыз ететiн мiндеттемелерiн дұрыс ресiмдеуi және атқаруы
жөнiнде шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi