Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 25-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 466-жолдармен толықтырылсын:
"466 Қазақстан Республикасының
Парламентi Iс басқармасының
автошаруашылығы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны Алматы қаласы"
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi