Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО қызметiне және оның бағдарламаларына қатысуын жандандыру мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссияның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi Қ.Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссияның төрағасы болып тағайындалсын.
2. Төрағаның орынбасарлары ретiнде мыналар тағайындалсын:
Қазақстан Республикасы Ғылым министрiнiң - Ғылым академиясы президентiнiң орынбасары С.Ө.Жолдасбеков;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Е.Ә.Ыдырысов;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрi М.Қ.Мұсатаев;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Н.А.Сәрсенбаев;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм вице-министрi Л.Ю.Тараков.
3. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы болып Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Бiрiншi департаментiнiң директоры М.Б.Жарбосынова тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесiндегi
өкiлi болып Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы
Елшiсi, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкiлi
Н.Ж.Дәненов тағайындалсын.
6. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық
комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 7
мамырдағы N 574
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 30 наурыздағы
N 266 Қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi
жөнiндегi Ұлттық комиссиясының құрамы
БЮРО
Төраға
Көшербаев Қ.Е. - Қазақстан Республикасының
Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрi
Төрағаның орынбасарлары:
Жолдасбеков С.Ө. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрiнiң - Ғылым академиясы
президентiнiң орынбасары
Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер бiрiншi
вице-министрi
Мұсатаев М.Х. - Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
вице-министрi
Сәрсенбаев Н.А. - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Тараков Л.Ю. - Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық келiсiм
вице-министрi
Бюро мүшелерi:
Ахметов Ә.Қ. - Қазақстан Республикасының
Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгi Бiлiм
комитетiнiң төрағасы
Қасейiнов Д.Қ. - Қазақстан Республикасының
Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгi Мәдениет
комитетiнiң төрағасы
Күлекеев Ж.Ә. - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
Статистика және талдау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Бас хатшысы
Жарбосынова М.Б. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгiнiң Бiрiншi
департаментiнiң директоры
Комиссия мүшелерi:
Байпақов К.М. - Қазақстан Республикасының
Ғылым министрлiгi- Ғылым
академиясы Этнология және
этнография институтының директоры
Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесi
Бердiғалиева Р.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
кiтапханасының директоры
Уәлиханов Ш.Е. - Қазақстан Республикасының
Мәдениет ескерткiштерiн қорғау
қоғамының төрағасы
Веселов В.В. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясы
Гидрология және гидро-физика
институтының директоры,
ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера"
халықаралық гидрологиялық
бағдарламасы жөнiндегi ұлттық
комитетiнiң төрағасы
Дәненов Н.Ж. - Қазақстан Республикасының
Франциядағы Елшiсi, Қазақстан
Республикасының ЮНЕСКО
жанындағы Тұрақты өкiлi
Есмаханов А.Б. - "Дидар - Қазақстан" журналының
бас редакторы
Жангелдин Е.Т. - Қазақстан Республикасының
Орталық мемлекеттiк мұражайының
директоры
Жеңсiкбаев А.А. - Қазақстан Республикасы Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясының
Ғылыми кадарларды аттестациялау
департаментiнiң директоры
Нәрiбаев К.Н. - Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттiк ұлттық университетiнiң
ректоры, Қазақстан Республикасы
Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесi
Северский И.В. - Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi Ғылым академиясы
География институтының директоры,
Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесi