Қазақстан Республикасының француз банктерiндегi шоттарының тұтқындалуына байланысты Париж Сауда Сотындағы сот процесiн табысты аяқтау мақсатында және 1997 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен адвокат Антуан Биденiң арасында қол қойылған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылға арналған резерв қоры қаражатының есебiнен көрсеткен қызметi үшiн Антуан Бидеге алдағы шығыстар мен қаламақының есебiнен жалпы сомасы 9 000 (тоғыз мың) АҚШ долларына бара-бар аванс төлеудi жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi