Антуан Биденiң адвокаттық қызметтерiне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 271

      Қазақстан Республикасының француз банктерiндегi шоттарының тұтқындалуына байланысты Париж Сауда Сотындағы сот процесiн табысты аяқтау мақсатында және 1997 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен адвокат Антуан Биденiң арасында қол қойылған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылға арналған резерв қоры қаражатының есебiнен көрсеткен қызметi үшiн Антуан Бидеге алдағы шығыстар мен қаламақының есебiнен жалпы сомасы 9 000 (тоғыз мың) АҚШ долларына бара-бар аванс төлеудi жүргiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады