Тентек өзенi мен Алакөл көлiнiң атырауындағы табиғат кешенiн, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және сирек кездесетiн көнеден қалған шағаланың бiрегей жеке түрiн сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аң шаруашылығы комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң ұсынысын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аң шаруашылығы комитетiнiң қарамағында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында табиғат қорғау мемлекеттiк мекемесi мәртебесiндегi Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығы ұйымдастырылсын.
2. Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығына тұрақты пайдалануға Алматы облысы Алакөл ауданының Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерi мен қорынан қосымшаға сәйкес жалпы аумағы 12 520 га жер учаскелерi берiлсiн.
3. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi құрылып отырған Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығының режимiн қамтамасыз ету үшiн жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алмастан, қорықтың сырт шекарасының бойымен қорғау аймағын орнатсын, оның аумағында осы қорықтың табиғат кешенiне терiс әсерiн тигiзетiн қызметке тыйым салынсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығы жерiнiң шекарасын белгiлесiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аң шаруашылығы комитетi екi ай мерзiм iшiнде Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығы туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1999 жылдан бастап Алакөл мемлекеттiк табиғат қорығын ұстауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне бөлiнетiн қаржының шегiнде республикалық бюджеттен қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
7. "Мемлекеттiк жаңа заказниктер ұйымдастыру, қазiргi бар
мемлекеттiк заказниктердiң көлемiн ұлғайту және оларды сақтау туралы"
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 5 қыркүйектегi N 348
қаулысына (ҚазССР ҚЖ, 1978 ж., N 18, 67-құжат) мынадай өзгерiс
енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасында:
"Реликтi шағала" Семей және 3,3 тұрақты"
мемлекеттiк заказнигi Талдықорған
деген жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 355 қаулысына қосымша
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары
аумақтарында Алакөл мемлекеттiк табиғат
қорығын ұйымдастыру туралы
__________________________________________________________________
| Жер учаскелерi | Жер учаскелерiнiң аумағы, га |
|берiлетiн жерлердiң |___________________________________________|
| құрамы | Барлығы | Оның iшiнде |
| | |_______________________________|
| | |Ауыл шаруа.| Ондағы | Басқа |
| | |шылығы |__________| жерлер |
| | |алаптары | жайылым | |
|______________________|___________|___________|__________|________|
Алматы облысының Алакөл ауданы
Ерекше қорғалатын 1 030 - - 1 030
табиғат аумақтары.
ның жерлерi
Қор жерi 9 200 496 496 8 704
Жиыны 10 230 496 496 9 734
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы
Ерекше қорғалатын 2 290 - - 2 290
табиғат аумақтары.
ның жерлерi
Барлығы 12 520 496 496 12 024