ҚРТ жабық акционерлiк қоғамы теледидары (Ресей) мен "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Хабар" радиосының бағдарламаларын беру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi:
мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулерiнiң) жарнамасын қоса алғанда, жалпы мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды таратудың бар шарттарын сақтай отырып, "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Хабар" радиосы мен "Еуразия+ҚРТ" жабық акционерлiк қоғамының бағдарламаларын таратудың көлемiн айқындасын және олардың тоқтаусыз берiлуiн қамтамасыз етсiн;
"Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Хабар" радиосы мен "Еуразия+ҚРТ" жабық акционерлiк қоғамы бағдарламаларының берiлуiн санкцияландырылмаған тоқтатуды болдырмау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылы республикалық бюджеттен "Мемлекеттiк телерадиохабарларын беру жөнiндегi байланыс қызметтерiне ақы төлеу" бағдарламасы бойынша "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы көздеген қаражатты азайтудың есебiнен ҚРТ жабық акционерлiк қоғамы теледидары (Ресей) және "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Хабар" радиосының бағдарламаларын беру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн "Хабар агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына 518 (бесжүз он сегiз) миллион теңге бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi