Жекелеген жекешелендiрiлген кәсiпорындардың берешектерiн реттеу
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Жекелеген жекешелендiрiлген кәсiпорындардың дебиторлық және
кредиторлық берешектерiн реттеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн
мына құрамда комиссия құрылсын:
О.С.Ержанов - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi, төраға
Е.К.Утепов - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментi директорының
бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Н.Б.Мұқтаров - "Кәсiпорындарды қайта
ұйымдастыру және тарату
жөнiндегi агенттiк"
акционерлiк қоғамының
президентi, төрағаның
орынбасары
А.Қ.Дауылбаев - Қазақстан Республикасының
Әдiлет вице-министрi
М.А.Мұртазаев - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда вице-министрi
Д.Р.Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Бюджет
департаментiнiң директоры
Ғ.И.Қанатбеков - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Заң
қызметi департаментiнiң
директоры
К.Д.Дүкенбаев - "KEGOK" акционерлiк
қоғамының бiрiншi
вице-президентi (келiсiм
бойынша)
Х.К.Махашов - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Салық
комитетi төрағасының
орынбасары
Б.Қ.Серкебаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Салық
полициясы департаментi
директорының орынбасары
2. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Агенттiк) қосымшаға сәйкес жекелеген кәсiпорындардың дебиторлық және кредиторлық берешектерiнiң көлемдерiн айқындау үшiн аудиторлық және консалтингтiк фирмаларды тартуға уәкiлеттiк берiлсiн.
3. Агенттiкке заңдарда белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес кәсiпорындардың борыштық мiндеттемелерiн сатуды ұйымдастыру және әрбiр шаруашылық жүргiзушi субъектi кредиторларының комитеттерiн құру тапсырылсын.
4.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.18. N 558
қаулысымен.
5. Комиссия 1999 жылдың 1 қаңтарына мүлiктiк кешендер ретiнде
жекешелендiрiлген жекелеген кәсiпорындардың дебиторлық және
кредиторлық берешектерiне байланысты мәселелердi реттеу жөнiндегi
жұмысты аяқтасын.
6. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 29 сәуiрдегi
N 393 қаулысына
қосымша
Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiрiлген
кәсiпорындардың тiзбесi
- "Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ
- "Балқашмыс" АҚ
- "Екiбастұзкөмiр" МАҚ
- "Қарағандышахтакөмiр" РМК
- "Екiбастұз ГРЭС-1" МК
- "Қарағанды ГРЭС-2" МК
- "Жезқазған ОЭО" МК
- "Алматыэнерго" ЭЭӨБ
- "Қазфосфор" АҚ