Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар жоспарының кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 18 маусым N 558. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.06. N 1108 қаулысымен. ~P991108

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, дәрменсiз кәсiпорындардың банкроттығын, оларды таратудың алдын алу жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 394 P980394_ қаулысының 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 P980119_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар жоспарының реттiк нөмiрi 3.1.2.13-жолы қайта күшiне енгiзiлсiн.
      2. "Жекелеген жекешелендiрiлген кәсiпорындардың берешектерiн реттеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 393 P980393_ қаулысының 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады