1998 жылдың 3-5 маусымында Алматы қаласында "Қазақстандық инвестициялық басқосу" халықаралық форумын өткiзуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Алматы қаласында
"Қазақстандық инвестициялық басқосу" халықаралық форумын
ұйымдастыруға және өткiзуге 3 805 000 (үш миллион сегiз жүз бес мың)
теңге бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын
қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi