"Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Росвооружение" мемлекеттiк компаниясы мен Өзбекстан Республикасының Шекара әскерлерi бас басқармасы арасында жасалған 1997 жылғы 21 тамыздағы N РВ/786006091006 келiсiм-шартқа сәйкес әскери сипаттағы арнайы мүлiктi Ресей Федерациясынан Өзбекстан
Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi
кедендiк бақылауды және жоғарыда аталған келiсiм-шартқа сәйкес
әскери техниканы өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi