Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Алматы қаласында 1997 жылғы 16 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 4, 34-құжат) (1999 жылғы 11 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі, екі елдің және олардың халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту және дамыту тілегін білдіре отырып, білім, мәдениет, ғылым және технология саласындағы алмасулар мен ынтымақтастық екі халық арасындағы жақсырақ өзара түсіністікке жәрдемдесетіндігіне сенімді бола отырып, 1997 жылғы 5-мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шарттың Z980218_ 10,14 және 15-баптарын жүзеге асыру тілегін білдіре отырып, төмендегілер жөнінде келісті: 1-бап Тараптар ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайту процесінің шеңберінде төмендегі басым салалардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударуға уағдаласты: тілді оқып үйрену және үйрету, университетаралық байланыстар, мәдени шаралар мен алмасуларға қатысу, археология саласындағы ынтымақтастық. 2-бап Тілді оқып-үйрену және үйрету саласында Тараптар:
- қазақ және итальян тілдері мен әдебиеттерін, әсіресе, тіл курстары көмегімен және тиісті кафедралар құру жолымен оқып-үйренуге;
- жеке деңгейде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің білім беруге байланысты мекемелері мен ұйымдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен алмасуға;
- ынтымақтастыққа және әдістермен, дидактикалық материалдармен және бағдарламалармен алмасуға, әсіресе, сарапшылармен алмасу арқылы жәрдемдесетін болады.
3-бап
Тараптар университетаралық ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға, профессорлар және зерттеушілермен алмасуға, өзара мүддені білдіретін бірлескен зерттеулерді бастауға және семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.
Тараптар қолданыстағы келісімдер туралы және осы Келісімнің ережелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында жасау көзделіп отырған келісімдер туралы ақпаратпен алмасатын болады.
4-бап
Тараптар әдебиет, кинематография, музыка, би, театр саласында артистермен алмасу және спектакльдерге, кинематографиялық фестивальдарға, кітап көрмелеріне, симпозиумдарға және басқа да осындай іс-шараларға қатысу жолымен ынтымақтасты дамытатын болады.
Тараптар жоғары деңгейде мезгіл-мезгіл Тараптардың әрқайсысының көркем және мәдени игілігі болып табылатын көрмелер ұйымдастыратын болады.
5-бап
Археология саласындағы ынтымақтастыққа Тараптар ақпарат және тәжірибе алмасуға, симпозиумдарға, семинарларға және ортақ зерттеулерге басымдық беретін болады. Тараптар Тараптардың біреуінің аумағында жұмыс істейтін екінші Тараптың археологиялық миссиялары қызметіне жәрдемдесетін болады.
Тараптардың әрқайсысы археологиялық және мәдени игіліктерді сақтау,
қорғау, пайдалану, қалпына келтіру саласындағы сарапшылар мен құзыретті органдар арасындағы ынтымақтастықты ақпаратпен, тәжірибемен, сарапшылар жарияланымдарымен және сапарларымен алмасу арқылы көтермелейтін болады. 6-бап Тараптар екінші Тараптың студенттері мен жоғары білімді адамдарының университеттер мен аспирантураларда әсіресе, алдыңғы баптарда көрсетілген басым салаларға байланысты оқуы және ғылыми зерттеулері үшін стипендиялар төлейтін болады. 7-бап
Тараптар олардың мемлекеттері ғылыми институттарының, зерттеу
орталықтарының және университеттерінің арасындағы ғылыми және технологиялық ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады. Осы мақсатпен олар: - ғылыми және технологиялық құжаттармен алмасуға; - білімді дамыту және тәжірибемен алмасу үшін сарапшылар мен мамандардың өзара сапарларына; - ғылыми және технологиялық конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға; - өзара мүддені білдіретін зерттеулерді, келісілген салаларда оқуды және жоспарлауды жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады. 8-бап Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптың мәдениет институттары, мәдениет ассоциациялары мен оқу мекемелері сияқты мәдениет мекемелерінің өз аумақтарындағы орналасуына және қызметіне жәрдемдесетін болады. 9-бап Тараптар өнер туындылары мен мәдениет құндылықтарын әкелу, әкету және тасымалдаудың кез келген заңсыз әрекеттерінің алдын алуда ынтымақтасатын болады және бұл мәселелерді жекелеген келісімдермен реттейді. 10-бап Тараптар төмендегі салаларда ақпаратпен, материалдармен және сарапшыларымен алмасу арқылы тиісті органдар арасындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады: - баспасөз; - спорт; - жастар; - архив; - кітапханалар; - музейлер. 11-бап
Осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында Тараптар, міндетіне Тараптар
арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты зерттеу және орындауға арналған көпжылдық бағдарламаларды жасау кіретін бірлескен комиссия құруды ұйғарды. Аталған комиссия Тараптар мемлекеттерінің астанасында кезекпен шақырылатын болады. 12-бап Осы Келісімге Тараптардың ортақ келісімі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі. 13-бап
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы соңғы мәлімдемені алған күннен бастап күшіне енеді.
14-бап
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
Әрбір Тарап екінші Тарапқа шығуға дейін 6 айдан кешіктірмей өзінің
ниеті туралы жазбаша мәлімдеме жібере отырып, Келісімнің қолданыс мерзімі кезінде туындаған қаржы және өзге міндеттемелерді реттеген соң осы Келісімнен шыға алады. Осымен тиісті Үкіметтер өкілдік берген төменде қол қойған өкілдердің осы Келісімге қол қойғаны куәландырылған. Алматы қаласында 1997 жылғы 16 қыркүйекте екі данада, әрқайсысы қазақ, итальян және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің күші бірдей. Қазақстан Италия Республикасының Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін