"Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2127 Заң күші бар Жарлығына сәйкес, "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қорытындысы ескеріле отырып, 1997 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дэу корпорациясының арасында жасалған Акцияларды сатып алу-сату туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) 1997 жылғы 19 маусымдағы Акцияларды сатып алу-сату туралы келісімге түзетулермен және 1998 жылғы 27 қаңтардағы Акцияларды сатып алу туралы келісімге түзету туралы келісім-шартпен енгізілген өзгерістер мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті стратегиялық инвестор - халықаралық телекоммуникациялық операторды тарту мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:
1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін тендерлік негізде "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам қарапайым) атаулы акцияларының мемлекеттік пакетінен 15,0 процентін сатуды жүзеге асырсын;
Қоғамның мемлекеттік емес акциясының меншік иесіне оған тиесілі пакеттен 15,0 процентін және оған қосымша Қоғамның бір қарапайым атаулы акциясын сатуға қою ұсынылсын;
Қоғамның мемлекеттік емес акцияларының меншік иесі өз акцияларын сатуға келіскен жағдайда акцияларды бірлесіп сату туралы шарттың жобасын дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен стратегиялық инвестордың 1997 жылғы 31 мамырдағы Акцияларды сатып алу-сату туралы келісімде көзделген Дэу корпорациясының Қазақстан Республикасының алдындағы инвестициялық және өзге де міндеттемелерін қабылдауын қамтамасыз етсін.
4. Қоғамның акцияларын сату жөніндегі консультант ретінде "Чейз Манхеттен Банк" пен "Қазкоммерц Секьюритиздің" құрамында консорциумды тартсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттің консультациялық қызмет көрсетулер мен оларды ұсынуға байланысты шығыстарға ақы төлеуден босатылғандығын көздеп, консорциум мен Қоғамның акцияларын
сату жөнінде консультанттың қызмет көрсетулерін ұсыну туралы келісім жасассын. 5. Мемлекеттік пакеттен Қоғам акцияларының 15,0 процентін сатуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін. 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің»1998 жылғы 22 шілдедегі N 684 қаулысына қосымша
Мемлекеттік пакеттен "Қазақтелеком" ашық акционерлік
қоғамы акцияларының 15,0 процентін сатуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі, комиссияның төрағасы Қалиев Е.Ж. - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Сәйденов А. - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы директоры Дауылбаев А.К. - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Доминов Е.Е. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының орынбасары Бүркітбаев С.М. - "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының президенті Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚРY-нің 1998.09.02. N 826 қаулысымен. P980826_