Республикада көрме-жәрмеңке iсiн одан әрi дамыту және "Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) материалдық-техникалық базасын нығайтуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының оның жарғылық капиталының 26 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн ақшалық аукционда сатсын.
2. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17
наурыздағы N 688 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992
ж., N 33, 502-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацының, 4, 5-тармақтардың күшi жойылған
деп танылсын.
2)
3)
ЕСКЕРТУ. 2-тармағының 2),3) тармақшаларының күші жойылды - ҚР
Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi