"Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 шiлдедегi N 693

      Республикада көрме-жәрмеңке iсiн одан әрi дамыту және "Атакент" Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) материалдық-техникалық базасын нығайтуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен Қоғам акцияларының оның жарғылық капиталының 26 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн ақшалық аукционда сатсын.
      2. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай

 

өзгерiстер енгiзiлсiн:

     1) "Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы"

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17

наурыздағы N 688 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992

ж., N 33, 502-құжат):

     3-тармақтың екiншi абзацының, 4, 5-тармақтардың күшi жойылған

деп танылсын.

     2)



     3)



     ЕСКЕРТУ. 2-тармағының 2),3) тармақшаларының күші жойылды - ҚР        

              Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен. 


P991504_




     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады