Қазіргі заманғы Бас жоспардың негізінде Астана қаласын дамыту, сондай-ақ жаңа аумақтарды кешенді инженерлік игерудің және оларды құрылыс салуға дайындаудың қажеттігі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1998 жылғы 6 шілдеде Астана қаласының әкімі мен Сауд Аравиясы
Корольдігінің "Сауди Бен Ладин Групп" компаниялар тобының арасында Келісім
жасалғандығы (қоса беріліп отыр) назарға алынсын.
2. Құпия.
3. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары өз
өкілеттіктерінің шегінде Астана қаласының әкіміне Келісімді іске асыруға
байланысты мәселелерді шешуде жәрдем көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі