Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы банкроттық рәсімдерінде және соттан тысқары тарату рәсімінде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті төлемдер жөніндегі, сондай-ақ соттан тысқары тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі кредиторлардың мүдделерін білдіретін уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі