Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958
U983958_
және "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды оңтайландырудың бұдан былайғы шаралары туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3986
U983986_
Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi аппаратының құрылымы (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдарының тiзбесi (3-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiне өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың заңдарға қайшы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшiн жою құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң өзiне жүктелген мiндеттер аясында қабылдаған шешiмдерi заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының жобалары, органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi мен оның аумақтық органдарына олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша монополияға қарсы заңдарға сәйкестiгiн тексеру мақсатында мiндеттi түрде алдын ала келiсуге ұсынылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң орталық аппаратының штат саны 75 бiрлiк, аумақтық органдары аппаратының штат саны 423 бiрлiк;
қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi орталық аппаратын үшiн 3 бiрлiк, аумақтық органдар үшiн 16 бiрлiк болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiне Төрағаның екi орынбасарын ұстауға рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттiк органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiне өзiне Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi берген мүлiктi жедел басқару құқығы берiлсiн.
9. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 54, 496-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 шiлдедегi
N 743 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
(Монополияға қарсы комитет) туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Табиғи монополиялардың қызметiн мемлекеттiк реттеу, бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу, тұтынушылардың мүдделерiн қорғау.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына енбейтiн, баға, бәсекелестiк, тұтынушылардың құқығын қорғау салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын, сауда - өнеркәсiп саясатын iске асыруға жәрдемдесетiн монополияға қарсы заңдардың орындалуын қадағалайтын орталық атқару органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, банкте шоттары болады.
4. Комитеттiң аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдары ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
II. Басымдықтары
6. Комитеттiң басымдықтары мыналар болып табылады:
баға, бәсекелестiк, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру;
табиғи монополия субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың көрсететiн қызметтерiне бағаларды реттеу;
монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау.
III. Негiзгi мiндеттерi
7. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу;
табиғи монополия және мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер саласында баға мен тарифтер белгiлеудiң кемсiтпеу әдiстерiн әзiрлеу және енгiзу;
монополиялық қызметтiң, нарықтағы үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оларға жол бермеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
тауар және қаржы рыноктарында жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң үстем болу деңгейiн бақылау;
мемлекеттiк органдардың ақылы қызмет көрсету тәртiбiн бақылау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленетiн уәкiлеттi орган жүргiзетiн сауда-өнеркәсiп саясатының iске асырылуына жәрдемдесу;
тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және тұрғын үй-коммуналдық реформалар жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу.
IV. Комитеттiң функциялары
8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiн, Қазақстан Республикасының Монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк регистрiн қалыптастырады және жүргiзедi;
табиғи монополияшы ұйымдардың өнiмi мен мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметiнiң бағаларын реттеудi жүзеге асырады;
мемлекеттiк бюджет пен индикативтiк жоспардың қажеттiлiгiне арнап табиғи монополияшылардың субъектiлерi өнiмдерiнiң бағасы мен тарифтерi өзгеруiнiң болжамын әзiрлейдi;
табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастыру және тарифтерiн реттеудiң рәсiмдерi мен әдiстерiн әзiрлейдi және енгiзедi, олардың нақты шығындарына бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметi, бәсекелестiктi дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi және Комитеттiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша қабылданатын шешiмдерiнiң жобаларына мiндеттi түрде қорытындылар бередi;
нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бiрiктiрiлген, қосылған кезде, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъект сол тауар рыногында жұмыс iстейтiн басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң акцияларын, пайларын, қатысу үлесiн сатып алған кезде монополияға қарсы заңдардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне нарықтың жағдайы мен ондағы бәсекелестiк туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетiлдiру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен жолдайды;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын белгiленген тәртiппен ұсынады;
монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалайды;
мемлекеттiк органдардың монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жүзеге асыруына бәсекелестiктi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыруын үйлестiредi және оларға бақылау жасайды;
акционерлендiру, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру бағдарламаларының жобаларын әзiрлеуге қатысады және келiседi, сондай-ақ олардың сенiмдi басқаруға берiлуiн келiседi;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн нарықтағы iс жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi және енгiзедi;
табиғи монополияға субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
үстем жағдайға ие, бәсекелестiктi шектейтiн және монополиялық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтау мақсатында нарыққа талдау жасайды;
тұтынушылар қол жеткiзе алатын өзара алмастырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң шекарасын анықтайды;
монополияланған тауар және қаржы нарықтарын монополиясыздандыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi және iске асырады;
төлем жасау қабiлетiн тұрақты түрде жоғалтқан жағдайда монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты санация, қызметiн тоқтату немесе банкроттық рәсiмiн қолдану жобаларын келiседi;
кәсiпорындардың мүлкiн немесе монополияшы ұйымдардың акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен пайларын сатып алуға, сондай-ақ сенiмдi басқаруға беруге қорытындылар бередi;
нарықта монополияны болдырмау мақсатында акционерлiк қоғамдарды қосуға қорытындылар бередi;
мемлекеттiк органдардың және өзге де тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй-коммуналдық реформаларды жүргiзу жөнiндегi ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiредi;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және мемлекеттiк емес ұйымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысады.
V. Құқықтары
9. Комитеттiң өзiне жүктелген мәселелердi жүзеге асыру және мiндеттердi орындауы кезiнде:
табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өнiмiне және мемлекеттiк органдардың көрсететiн қызметтерiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеуге;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи монополияшылар деп тануға;
табиғи монополияшылардың өнiмдерiне (жұмыстарына, қызмет көрсетуiне) бағаларды өзгерту мәселелерi бойынша жария тыңдаулар өткiзуге;
табиғи монополияшы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетулердi сатып алуына тендерлер өткiзуге қатысуға;
өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
нарықта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополияшылар деп тану туралы шешiм қабылдауға;
монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы iстерге өз құзыретiнiң шегiнде тексеру жүргiзуге және қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
монополияшылар деп танылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қолданылатын монополияға қарсы реттеу әдiстерi туралы шешiмдер қабылдауға;
мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Комитет құзыретiнiң шегiнде заң бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттiк органдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бағаның мемлекеттiк тәртiбiн бұзуының нәтижесiнде алған сомаларын бюджет кiрiсiне алу туралы шешiмдер қабылдауға;
Комитет алқасының мәжiлiстерiнде Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшыларын тыңдауға;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге;
тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа ұйымдардан мамандар тартуға;
бағаның мемлекеттiк тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талаппен жүгiнуге, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың талаптарын қолдауға;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қоюға;
өз өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.
VI. Комитет пен оның лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi
10. Комитет заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының заңдарының нормаларына сәйкес өзiне тапсырылған мiндеттердiң дер кезiнде және сапалы орындалуына жауапты.
Комитетке тапсырылған мiндеттердiң орындалуына Комитет төрағасы тiкелей жауап бередi.
VII. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
11. Комитеттi заңдарда белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төраға - Министр (бұдан әрi - Төраға) басқарады.
12. Төрағаның оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның iшiнде бiр орынбасары - Атқарушы директор болады.
13. Комитет төрағасының орынбасары - Атқарушы директор Комитет төрағасы болмаған кезде оны алмастырады.
14. Комитеттiң төрағасы:
Төраға орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi, құрылымдық бөлiмшелер басшылары мен Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайтын және қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
аумақтық органдардың құзыретiне жататын мәселелердiң шеңберiн белгiлейдi;
қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде аумақтық органдардың құрылымын, бөлiнген қаржы шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстардың сметасын бекiтедi;
Комитет аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдар туралы ережелердi бекiтедi;
өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн аумақтық органдардың басшыларына бередi;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
тәртiптiк жазалар қолданады;
заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiн құру немесе тарату туралы ұсыныстар енгiзедi;
Комитеттiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
15. Комитетте құрамына Комитет төрағасы, төрағаның орынбасарлары, Комитет аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдардың басшылары кiретiн алқа құрылады.
Алқаның жеке құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
Алқа шешiмдерi қаулы түрiнде шығарылып, оған Комитет төрағасы қол қояды.
16. Комитет қабылдаған шешiмдер Төрағаның бұйрығымен ресiмделедi.
17. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы iстердi қарау үшiн Комитетте Әкiмшiлiк комиссиясы құрылады.
Әкiмшiлiк комиссиясының жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
18. Комитет жанынан Комитет қызметiнiң барлық бағыттары бойынша, оның iшiнде тексерiстер жүргiзуге көмек көрсету үшiн сараптық кеңестер құрылуы мүмкiн.
Сараптық кеңестердiң жеке құрамы ғалымдар мен мамандардан, Комитеттiң, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi ен ведомстволарының, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерiнен қалыптастырылады және оны Комитет төрағасы бекiтедi.
19. Комитет жүйесiне облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитеттер (бұдан әрi - аумақтық комитеттер) кiредi.
Аумақтық комитеттер заңды тұлғалар болып табылады.
20. Аумақтық комитеттердiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары аумақтық комитеттер туралы ережелерде белгiленедi.
21. Аумақтық комитеттердi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Комитеттi ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
22. Комитеттi және оның аумақтық органдарын тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 тамыздағы
N 743 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1998.11.17. N 1164 Қаулысымен .
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
Табиғи монополияларды реттеу департаменті
Монополияларға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау департаменті
Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 5 тамыздағы
N 743 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
аумақтық органдарының
ТIЗБЕСI
Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
Оңтүстiк Қазақтан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi