"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне арналған бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
1998 жылдың 15 тамызына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен
келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік
тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық
актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және
Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 18 тамыздағы
N 781 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Сыртқы
істер министрлігі бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
ТІЗБЕСІ
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1.|Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызмет көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейде әкімшілік | Ұстауға |Ұстауға
| | шығыстар | |
| |Орталық органның аппараты | |
| | Басқа елдердегі органдардың | |
| | (елшіліктердің, өкілдіктердің, | |
| | дипломаттық қызметтердің) | |
| | аппараты | |
| | | |
| |Елдің саяси, сауда-экономикалық | |
| |мүдделерін қамтамасыз ету | |
| | | |
| | Мемлекеттік мекемелер |Үлестік ұстау |Үлестік ұстау
| | ТМД-ның атқарушы хатшылығы |Бұл да |Бұл да
| | ТМД- мемлекеттік ақпараттық |Бұл да |Бұл да
| | агенттіктері басшыларының кеңесі | |
| | Экономикалық одақтың |Бұл да |Бұл да
| |Мемлекетаралық экономикалық |Бұл да |Бұл да
| |комитеті | |
| |Интеграциялық комитет |Бұл да |Бұл да
| | ТМД-ға мүше елдердің көлік |Бұл да |Бұл да
| | министрлерінің көлік кеңесін | |
| |үйлестірудің атқарушы комитеті | |
| |Мемлекетаралық авиациялық |Бұл да |Бұл да
| |комитет | |
| |Мемлекетаралық Экологиялық |Бұл да |Бұл да
| |кеңес | |
| | | |
| |ТМД Экономикалық соты |Бұл да |Бұл да
| |Парламентаралық Ассамблея |Бұл да |Бұл да
| |Стандарттау, метрология және |Бұл да |Бұл да
| |сертификаттау жөніндегі | |
| |мемлекетаралық кеңес | |
| |ТМД Статистикалық комитеті |Бұл да |Бұл да
| | | |
| | ТМД Денсаулық сақтау хатшылығы | |
| |Табиғи және техногендік сипаттағы |Бұл да |Бұл да
| |төтенше жағдайлар жөніндегі | |
| |мемлекетаралық кеңес | |
| |Геодезия, картография, кадастр |Бұл да |Бұл да
| |және қашықтан бақылау жөніндегі | |
| |мемлекетаралық кеңес | |
| |Мұнай және газ жөніндегі |Бұл да |Бұл да
| |мемлекетаралық кеңес | |
| |Гидрометерология жөніндегі | Бұл да | Бұл да
| |мемлекетаралық кеңес | |
| |ТМД-ға қатысушылардың машина |Бұл да |Бұл да
| |жасаудағы ынтымақтастық жөніндегі | |
| |мемлекетаралық кеңесінің хатшысы | |
| |Беларусь Республикасының, |Үлестік ұстау |Үлестік ұстау
| |Қазақстан Республикасының, Қырғыз | |
| | Республикасының, Ресей | |
| |Федерациясының парламентаралық | |
| |комитеті | |
| |Халықаралық ұйымдарға қатысу | Жарналар |Жарналар
| |Жауынгер-интернационалистердің |Үлестік ұстау |Үлестік ұстау
| |мемлекетаралық кешенді | |
| |медициналық әлеуметтік бағдарламасы| |
| |Мемлекетаралық радиохабарлары |Бұл да |Бұл да
| |бағдарламасы | |
| |"Батыр Брест қамалы" мемориалдық |Бұл да |Бұл да
| |кешені | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Ұстауға |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Ғимараттарды күту және | |
| |қызметкерлердің қызметін | |
| |қамтамасыз ету | |
|4 |Білім беру | |
| | Республикалық деңгейде орындалатын|Бұл да |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Аппараттың кадрларын қайта | |
| |даярлау | |
|__|___________________________________|______________|____________________