"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
1) Республиканың 1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджетi параметрлерiнiң болжамы (1-қосымша);
2) Мемлекет бұрын қабылдаған мiндеттемелер бойынша шығыстардың тiзбесi (2-қосымша);
3) Мемлекеттiк бюджеттiң болжамдық шығыстарын қалыптастыратын мемлекеттiк мекемелердiң - бюджеттiк қаражатты алушылардың тiзбесi (3-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) 1998 жылдың 5 тамызына дейiн мерзiмде 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер бойынша бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын және 1998 жылдың 7 тамызына дейiн бағдардамалар мен кiшi бағдарламалардың бекiтiлген тiзбесiн ескере отырып мемлекеттiк бюджет бойынша бюджеттiк жiктеудi бекiтсiн;
2) 1998 жылдың 5 тамызына дейiн мерзiмде мемлекеттiк бюджет шығыстарының жоғары лимиттерiн белгiлесiн және барлық мемлекеттiк мекемелерге хабарласын;
3) 1998 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде 3-қосымшаға сәйкес барлық мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қаржылық ресурстармен ең аз қамтамасыз етiлудiң нормативтерiн ескере отырып облыстардың тұрғысындағы жоғары лимиттердiң шегiнде, Қаржы министрлiгi белгiлеген нысандар бойынша және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiлген жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын шығыстар бойынша, шығыстарға бюджеттiк өтiнiмдердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырсын.
3. 1999 жылдан бастап республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен
ұсталатын мекемелер қызметкерлерiнiң санын Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi, ал жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен
ұсталатын мекемелердiкi - облыстар, Астана және Алматы қалалары
әкiмдерiнiң шешiмдерiмен бекiтiледi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 шiлдедегi
N 703 қаулысына
1-қосымша
Республиканың 1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджетi
параметрлерiнiң болжамы
___________________________________________________________________
|1999 жылға | IЖӨ-ге
|болжам млрд.теңге| %-пен
___________________________________________________________________
Салықтық түсiмдер 256,4 12,2
Салықтық емес түсiмдер 31,5 1,5
Жекешелендiруден түсетiн кiрiстер 42,0 2,0
Кiрiстердiң барлығы 329,9 15,7
Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы -95,3 -4,5
Шығыстардың барлығы 425,2 20,2
___________________________________________________________________
IЖӨ 2101,3
нақты түрдегi IЖӨ, %-пен желтоқсаннан 103,0
Тұтыну бағаларының индексi, %-пен
желтоқсаннан желтоқсанға 8,2
жыл бойынша орташа алғанда 8,9
Айлық есептiк көрсеткiш, теңгемен
жылдың аяғына 720,0
жыл бойынша орташа алғанда 702,5
Теңгенiң АҚШ долларына бағамы
жылдың аяғына 84,4
жыл бойынша орташа алғанда 82,0
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 шiлдедегi
N 703 қаулысына
2-қосымша
Мемлекет бұрын қабылдаған мiндеттемелер бойынша
шығыстардың тiзбесi
___________________________________________________________________
N р/с| Атауы
___________________________________________________________________
1 |Бюджеттен төленетiн мiндеттi төлемдер:
| мемлекеттiк мiндеттемелерге байланысты;
| Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне
|байланысты;
| Үкiмет кепiлдiк берген борыш.
2 |Үкiметтiң жаңа бағдарламаларын орындауға бағытталатын қаражат
3 |Қолданылып жүрген келiсiмдер бойынша инвестициялық жобаларға
|бағытталатын қаражат
4 |Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа трансферттер
5 |Кезек күттiрмейтiн мұқтаждар
6 |Соттың шешiмдерiн орындауға бағытталған қаражат
7 |Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру жарналары және әлеуметтiк
|жәрдемақылар бойынша жинақталған кредиторлық берешектердi
|өтеуге бағытталған қаражат
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 25 шiлдедегi
N 703 қаулысына
3-қосымша
Мемлекеттiк бюджеттiң шығыстарын қалыптастыратын мемлекеттiк
мекемелердiң - бюджеттiк қаражатты алушылардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
6. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
7. Республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау жөнiндегi
есеп комитетi
8. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi
9. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
10.Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы
11.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
12.Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
13.Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi
14.Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi
15.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
16.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар
министрлiгi
17.Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
18.Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлiгi
19.Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi
20.Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және
сауда министрлiгi
21.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
комитетi
22.Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi
23.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
24.
25.Қазақстан Республикасының Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
агенттiгi
26.Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгi
27.Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография
жөнiндегi агенттiгi
28.Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгi
29.Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi
30.Ұлттық ғылыми-техникалық орталық
31.Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
32.Республикалық ұлан
33.Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
34.Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
35.Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
36.Ақмола облысының әкiмi
37.Ақтөбе облысының әкiмi
38.Алматы облысының әкiмi
39.Атырау облысының әкiмi
40.Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
41.Жамбыл облысының әкiмi
42.Батыс Қазақстан облысының әкiмi
43.Қарағанды облысының әкiмi
44.Қызылорда облысының әкiмi
45.Қостанай облысының әкiмi
46.Маңғыстау облысының әкiмi
47.Павлодар облысының әкiмi
48.Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
49.Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
50.Алматы қаласының әкiмi
51.Астана қаласының әкiмi
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.10.08. N 1017 қаулысымен.