"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 қаулысының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне арналған бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
1998 жылдың 15 тамызына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 18 тамыздағы
N 782 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
ТІЗБЕСІ
___________________________________________________________________
N | Атауы | 1998 жылы |1999 жылға
| | қаржыландыру| арналған
| | нысаны |қаржылан.
| | |дыру нысаны
___|______________________________________|_____________|__________
8 |Демалысты ұйымдастыру және мәдениет | |
|саласындағы қызмет | |
|Республикалық деңгейдегі әкімшілік | Ұстауға |Ұстауға
|шығыстар | |
| Орталық органның аппараты | |
| Аумақтық органдардың аппараты | |
|Баспа басылымдарын сақтау және арнайы | Бұл да | Бұл да
|пайдалану | |
| Мемлекеттік мекемелер |
| Мемлекеттiк кiтап палатасы |
| | |
|Республикалық деңгейде орындалатын |Көрсетiлген |Көрсетілген
|мемлекеттік тапсырыстар |қызметтер үшiн|қызметтер
| |және жәрдемақы| үшін
| Газеттер мен журналдар арқылы |беру |
| мемлекеттiк ақпараттық | |
| саясатты жүргiзу | |
| Теледидар арқылы мемлекеттiк | |
| ақпараттық саясатты жүргiзу | |
| Әдебиеттiң әлеуметтiк-маңызды түрлері| |
| бойынша баспа бағдарламаларын | |
|қалыптастыру | |
|Қазақ диаспорасын қолдау жөніндегі | |
|мемлекеттік саясатты жүргізу | |
|Жастар саясатын жүргізу | |
|Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту| |
|Іскерлік ынтымақтастық шеңберiнде | |
|ақпараттық саясатты жүргiзу (ТМД | |
|елдері арқылы) | |
|"Қазақстан-2030" стратегиясын | |
|насихаттауды жүргізу | |
|Ғимараттарды күту және қызметкерлердің| |
|қызметін қамтамасыз ету | |
___|______________________________________|______________|__________