Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Түрiк Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру және өзара пайдалы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, екiжақты қарым-қатынастарды одан әрi кеңейту мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Түрiк Республикасына 1998 жылғы 14-18 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi қоса берiлiп отырған Шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы
органдары мен ведомстволары Жоспарда көзделген тапсырмаларды орындау
жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы
кемiнде жарты жылда бiр рет хабарлама жасап отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 9 қыркүйектегi
N 866 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
1998 жылғы 14-18 маусымдағы Түрiк Республикасына ресми
сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен
уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi шаралар
Жоспары
___________________________________________________________________
N | Шара | Атқарылу нысаны
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
I. Қол қойылған келiсiмдердi iске асыру
___________________________________________________________________
1.1.|Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына|Үкiмет қаулысы
|Қазақстан Республикасының Үкiметi мен |
|Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы |
|Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы |
|келiсiмдi бекiту туралы ұсыныс енгiзу |
___________________________________________________________________
1.2.|1.1-тармақта белгiленген Келiсiмнiң iске |Атқарылуы туралы
|асырылуына бақылау орнату |ақпарат
___________________________________________________________________
II. Келiсiмдердi келiсу және оларды қол қоюға әзiрлеу
___________________________________________________________________
2.1.|Қазақстан Республикасының Үкiметi мен |Қол қоюға әзiрлеу
|Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы |
|шағын және орта бизнестi қолдану туралы |
|келiсiм |
___________________________________________________________________
2.2.|Қазақстан Республикасы мен Түрiк |Қол қою
|Республикасы арасындағы 1999-2000 |
|жылдардағы мәдени алмасу бағдарламасы |
___________________________________________________________________
III. Қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру
___________________________________________________________________
3.1.|Қазақстан Республикасы мен Түрiк |Үкiмет қаулысы
|Республикасының арасындағы алдағы 10 жылға|
|сауда-экономикалық айналымды ұлғайту |
|бағдарламасын әзiрлеу және түрiк тарапымен|
|келiсу, оны Қазақстан Республикасы |
|Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну |
___________________________________________________________________
3.2.|Түркияның Эксимбанкiмен шағын және орта |Келiсiм
|бизнестi қолдауға арналған 300 млн. АҚШ |
|долл. сомасындағы жеңiлдетiлген кредиттi |
|Қазақстанға бөлу мәселесiн пысықтауды |
|жалғастыру |
___________________________________________________________________
3.3.|Түрiк тарапы және басқа да мүдделi |Түрiк тарапымен
|тараптармен Баку-Джейhан бағыты бойынша |Баку-Джейhан
|Қазақстан көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау|құбырының ТЭН әзiрлеу
|жобасын әзiрлеудi жалғастыру |бойынша жұмыс тобын
| |құру
___________________________________________________________________
3.4.|Қазақстан-Түрiк үкiметаралық экономикалық |Комиссияның
|комиссиясының мерзiмiн келiсу және оны |3 отырысы
|өткiзу |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Атқарылу мерзiмi | Атқарылуына жауаптылар
___________________________________________________________________
4 | 5
___________________________________________________________________
1.1.|1998 жылғы қыркүйек |Бiлiм, мәдениет және денсаулықминi
___________________________________________________________________
1.2.|Жарты жылда 1 рет |Бiлiм, мәдениет және денсаулықминi
___________________________________________________________________
2.1.|1998 жылдың IV тоқсаны |Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
| |агенттiк
___________________________________________________________________
2.2.|1998 жылдың IV тоқсаны |Бiлiм, мәдениет және денсаулықминi
___________________________________________________________________
3.1.| "-" |Энергетика, индустрия және
| |саудаминi, Инвестициялар жөнiндегi
| |мемлекеттiк комитет, Көлiккомминi,
| |Қаржыминi, Сыртқыiсминi
___________________________________________________________________
3.2 | "_" |Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi
| |агенттiк, Эксимбанк, Ұлттық банк,
| |Қаржыминi, Сыртқыiсминi
____|____________________________|__________________________________
3.3.|1998 жылдың IV тоқсаны |Көлiккомминi, Энергетика,
| |индустрия және саудаминi,
| |"Қазақойл" ҰМК, Сыртқыiсминi
___________________________________________________________________
3.4.|1998 жылдың III-IV тоқсаны |Энергетика, индустрия және
| |саудаминi, Сыртқыiсминi
___________________________________________________________________