"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша):
1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Әкімшіліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
11 қыркүйектегі
N 876 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | |
| |көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | |
| |шығыстар |Ұстауға | Ұстауға
| | Орталық органның аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | |
| |көрсету функцияларын орындау үшін | |
| |кадрларды қайта даярлау | |
| |Мемлекеттік қызмет көрсетудің | |
| |функцияларын орындау үшін жоғары | |
| |оқу орындарында кадрларды даярлау | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________