"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті:
1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Мемлекеттік комитетінің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
11 қыркүйектегі
N 877 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылға | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызмет көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейде әкімшілік | Ұстауға | Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Орталық органның аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Көрсетілген
| | мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Инвестицияларды тарту жөніндегі | |
| | ақпараттық-жарнама жұмыстарын | |
| |жүргізу | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________