"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен
келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік
тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық
актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және
Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 11 қыркүйектегі
N 880 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызметтер | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Ұстауға | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | | қызметтер үшін
| | Заң шығару саласындағы қолданбалы | |
| |ғылыми зерттеулер | |
|3 | Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Бұл да |Ұстауға
| |шығыстар | |
| |Орталық органның аппараты | |
| |Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Әділет органдары |Бұл да |Бұл да
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Әскери соттар | |
| |Облыстық, Астана және Алматы | |
| |қалалық соттары | |
| |Аудандық соттар | |
| |Сот сараптамаларын жүргізу |Бұл да |Бұл да
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Сот сараптамасы орталығы | |
| |Халыққа азаматтық хал актілерін |Бұл да |Бұл да
| |тіркеу жөнінде заң қызметін | |
| |көрсету | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Аудандық АХАТ-тар | |
| |Құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету |Бұл да |Бұл да
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Құқықтық ақпараттардың | |
| |республикалық орталығы | |
| |Соттардың әділетсіз шешімдері | |
| |бойынша азаматтарға келтірген | |
| |залалдардың орнын толтыру | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Соттарда мемлекеттің мүддесін | |
| |қорғау | |
| |Сотқа қатысқаны үшін адвокаттарға | |
| |еңбекақы төлеу | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|4 |Білім беру | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Аппараттың кадрларын қайта даярлау | |
| |Мемлекеттік мекемелердің кадрларын | |
| |қайта даярлау | |
|__|___________________________________|______________|____________________