"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік бюджеттің кірісінде мынадай түсімдерді:
автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін жол салықтары мен алымдарын;
радиожиілік ресурсы пайдаланғаны үшін төлемдерді ескерсін.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
1998 жылдың 23 қыркүйек мерзіміне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
18 қыркүйектегі
N 923 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|____________________________________|_________________|________________
|1.|Білім беру | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Ұстауға | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Республикалық деңгейдегі жалпы | |
| |білім беру | |
| |Аппараттың кадрларын қайта даярлау | |
| |Мемлекеттік мекемелердің кадрларын | |
| |қайта даярлау | |
|5 |Денсаулық сақтау | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| | Медициналық көмектің кепілдік | |
| | берілген көлемін көрсету | |
|12|Көлік және байланыс | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Бұл да |Ұстауға
| |шығыстар | |
| |Орталық органның аппараты | |
| |Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Арнайы байланыспен қамтамасыз ету |Бұл да |Бұл да
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Су жолдарын кеме жүретін жағдайда | |
| |қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау | |
| |Республикалық маңызы бар автомобиль | |
| |жолдарының жұмысын қамтамасыз ету | |
| |Республикалық маңызы бар автомобиль | |
| |жолдарын салу және қайта жаңарту | |
| |Азаматтық авиацияға арналған әуе | |
| |кемелерінің, әуе жолдарының және | |
| |аэродромдардың мемлекеттік тіркелі- | |
| |мін жүргізу жөніндегі құжаттарды | |
| |дайындау | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкерлер-| |
| |дің қызметін қамтамасыз ету | |
| | | |
|__|____________________________________|_________________|________________