"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, халықты заң, құқықтық әдебиеттермен және басқа да баспа басылымдарымен неғұрлым толық қанағаттандыруда бәсекелестiк қабiлеттiлiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оны "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғам етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi екi айлық мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысын әзiрлесiн және тiркесiн;
2) "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң 50 процентiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң, 50 процентiн Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң иелiгiне және пайдалануына берсiн;
3) Алматы қаласы, Абай даңғылы 10 мекен-жай бойынша орналасқан үйдегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Жетi жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны орналасқан 1054 м2 алаң "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына кiргiзiлсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi айлық
мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған
шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi