"ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 4003 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚХЖБ-топ") құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
1) "ҚХЖБ-топ" компаниясының жарғылық капиталын 10 000 000 (он миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастырсын, көрсетiлген қаражатты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан бөлсiн;
2) "ҚХЖБ-топ" компаниясының жарғысын бекiтсiн, онда "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 4003 Жарлығының 1-тармағындағы 3)-тармақшасымен айқындалған қызмет түрi оның қызметiнiң негiзгi нысанасы болып
көзделсiн.
3) "ҚХЖБ-топ" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн
"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамына
сенiмгерлiк басқаруға берсiн.
3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi