"ҚХЖБ-топ" (Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi) ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 қыркүйек N 965. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 460 қаулысымен. ~P000460

      "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 4003 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚХЖБ-топ") құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) "ҚХЖБ-топ" компаниясының жарғылық капиталын 10 000 000 (он миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастырсын, көрсетiлген қаражатты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан бөлсiн;
      2) "ҚХЖБ-топ" компаниясының жарғысын бекiтсiн, онда "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 4003 Жарлығының 1-тармағындағы 3)-тармақшасымен айқындалған қызмет түрi оның қызметiнiң негiзгi нысанасы болып

 

көзделсiн.

     3) "ҚХЖБ-топ" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн

"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi" ашық акционерлiк қоғамына

сенiмгерлiк басқаруға берсiн.

     3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады