Астана қаласын жылумен және энергиямен жабдықтау жағдайын тұрақтандыру және 1998/99 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Астана қаласының әкiмiне 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, жылу жүйелерiнiң жөндеу жұмыстарына және отын сатып алуға қайтарымды негiзде 400 (төрт жүз) млн.тенге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне ендi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi