Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 5 қазандағы N 997

      Астана қаласын жылумен және энергиямен жабдықтау жағдайын тұрақтандыру және 1998/99 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан Астана қаласының әкiмiне 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, жылу жүйелерiнiң жөндеу жұмыстарына және отын сатып алуға қайтарымды негiзде 400 (төрт жүз) млн.тенге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне ендi.
 
        Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады