Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының "Шығыстарын мемлекеттік бюджеттен қалыптастыратын
мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаттарын алушылардың тізбесі" деген
3-қосымшасында:
реттік нөмірі 24-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 30-жолдағы "Орталық мемлекеттік архив" деген сөздер
"Ұлттық ғылыми-техникалық орталық" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі