Қазақстан Республикасының шетел несие берушілері алдындағы міндеттемелерін орындау, дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар бұрын берілген мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1992 жылғы 6 қарашадағы N 13-6/И-947, 1993 жылғы 10 мамырдағы N 25-15/116, 1995 жылғы 8 маусымдағы N 22-3/8, 1995 жылғы 24 наурыздағы N Ф22-3/3/4016, 1994 жылғы 29 маусымдағы N Ф22-3/42, 1994 жылғы 10 маусымдағы N Ф22-3/40 берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктеріне және 1992 жылғы 20 наурыздағы Әлембанк (бұрынғы Қазсыртқыэкономбанк) ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Қаржы министрлігі арасындағы Келісімге Өзгеріске сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1, 2 қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін есепке ала отырып, 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Несие беру, оның өтелуін шегеріп тастау" бөлімі бойынша көзделген қаражат шегінде төлейтін болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі алынған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық полициясы комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерді орындамаған тұлғаларды заңмен белгіленген тәртіппен жауапқа тарту жөнінде барлық шараларды қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі қаржылық міндеттемелері республикалық бюджет есебінен орындалған заемшыларға қатысты қолданылған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
8 қазанның
N 1020 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік
емес сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
СОМАСЫ
__________________________________________________________________________
| Заемшы ұйым | Төлем | Төлем | Төлем | Негізгі |Проценттер|Басқалары
| |валютасы| уақыты | сомасы | борыш | |
|______________|________|________|_________ |_________|__________|________
| Герман несие желісі
|__________________________________________________________________________
|Ақмола-Жаңа |DМ |26.06.98|64 818.56 | | |64818.56
|құрылыс | | | | | |
|индустриясы | | | | | |
|______________|________|________|_________ |_____________________|________
| |DМ |30.06.98|5040301.57|4129326.10|910 975.47
|______________|________|________|__________|__________|__________|________
| АҚШ несие желісі
|__________________________________________________________________________
|"Тағам" АҚ |USD |25.07.98|5 197.82 | 0.00 | 0.00|5 197.82
|______________|________|________|__________|__________|_________|________
| Франция несие желісі
|__________________________________________________________________________
|"Тағам" МАҚ |FRF |31.07.98|34 882.20 | 0.00 | 0.00|34 882.20
|______________|________|________|__________|__________|_________|_________
|Барлығы |DМ | |5105120.13|4129326.10|910 975.47 |64
| | | | | | |818.56
|______________|________|________|__________|__________|___________|_______
| |USD | |5 197.82 | 0.00 | 0.00 |5 197.82
|______________|________|________|__________|__________|_________|________
| |FRF | |34 882.20 | 0.00 | 0.00 |34 882.20
|______________|________|________|__________|__________|_________|_________
|