Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6-7 шілдедегі Ресей Федерациясына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельциннің Қазақстан Республикасына белгіленіп отырған ресми сапарына және Ресей Федерациясымен екіжақты келісімдерге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясының президенті Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми- техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі