Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қазан N 1025

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6-7 шілдедегі Ресей Федерациясына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельциннің Қазақстан Республикасына белгіленіп отырған ресми сапарына және Ресей Федерациясымен екіжақты келісімдерге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясының президенті Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың техникалық жобасын әзірлеу шеңберіндегі ғылыми- техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады