1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiппен "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығында мемлекеттiк кәсiпорнын "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құрылсын.
2. "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамы "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
1) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамының Жарғысын бекiтсiн;
2) "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" ашық акционерлiк қоғамын заңды тiркеуге байланысты шаралар кешенiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
3) акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң оның жарғылық капиталының 65 (алпыс бес) процентi мөлшерiндегi бөлiгiн мынадай тендерлiк шарттарды мiндеттi түрде енгiзе отырып, жабық тендерде сатуды жүзеге асырсын:
тендерге қатысушылардың арасында шетелдiк жеке тұлғалардың не заңды тұлға құрылтайшыларының немесе қатысушыларының құрамында шетелдiк қатысушының болмауы;
сатып алушының "Казахстанская правда" республикалық газетi" ашық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк тапсырысты орындауын қамтамасыз етуi;
"Казахстанская правда" газетiнiң сапасын жақсарту;
қажеттi инвестициялар мөлшерiнiң болуы.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгi "Казахстанская правда" республикалық мемлекеттiк газетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнының тiркеу куәлiгiн ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiне байланысты "Казахстанская правда" республикалық газетi" ААҚ-на қайта ресiмдеудi қамтамасыз етсiн. 5. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 499 қаулысымен. P990499_ 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi