Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 30-31 қазанында Өзбекстан Республикасына ресми сапарының барысында екiжақты келiсiмдерге қол қойылатынына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовке Қылмысқа қарсы күрес жүргiзу саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмге қол қою үшiн өкiлеттiк берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi