"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік компания" мемлекеттік кәсіпорнының атауы "Мембағалау" жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - Кәсіпорын) өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті уәкілетті орган, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі