"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1181 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 39 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар) және олардың филиалдарына, заң актілерінде жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілін тіркеу қызметі жүктелген өзге ұйымдар белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясы жүктелсін. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.30.  N 906 , 2007.09.18.  N 816 Қаулыларымен.

      2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркейтін орталық және жергілікті атқарушы органдар, осы қаулының 1-тармағына сәйкес, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу функциясын Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарға берсін. 

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзім ішінде Жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің тәртібін әзірлеп, бекітсін. 

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар мен олардың филиалдарының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен құрылым мен штат санын есепке ала отырып, оларды жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін жүзеге асыруы үшін қосымша қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етсін.

      5. Министрліктер мен ведомстволар бір ай мерзім ішінде өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.              

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О регистрации залога движимого имущества"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1998 года N 1181. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 39

      Сноска. Утратило силу постановлением утрачивает силу постановлением Правительства РК от 29.01.2016 № 39 (вводится в действие с 01.03.2016).

      В соответствии со статьями 1 и 5 Закона Республики Казахстан "О регистрации залога движимого имущества"  Z980254_ Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Возложить на государственные казенные предприятия "Центры по недвижимости Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее - Центры по недвижимости) и их филиалы функции регистрации залога движимого имущества, за исключением случаев, когда законодательными актами определены иные организации, на которые возлагается регистрация залога отдельных видов движимого имущества. <*> 
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 30 июня 1999 г. N 906   P990906_   ; от 18 сентября 2007 года  N 816 .
        2. Центральным и местным исполнительным органам, осуществляющим регистрацию залога движимого имущества, передать функции регистрации залога движимого имущества соответствующим Центрам по недвижимости в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления. 
      3. Министерству юстиции Республики Казахстан в месячный срок разработать и утвердить Правила регистрации залога движимого имущества. 
      4. Департаменту государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с акимами областей, городов Астаны и Алматы, с учетом утвержденной Министерством юстиции Республики Казахстан структуры и штатной численности Центров по недвижимости и их филиалов, обеспечить их дополнительными служебными помещениями для осуществления деятельности по регистрации залога движимого имущества. 
      5. Министерствам и ведомствам в месячный срок привести свои ранее принятые нормативные правовые акты в соответствие с настоящим постановлением.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.     

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан