Ауылда реформаларды тереңдету және ауыл экономикасын қаржылай сауықтыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 10 желтоқсан N 1270

      Ауылда реформаларды тереңдету және ауыл экономикасын қаржылай сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған, қоса беріліп отырған Облыстық және аудандық ауыл шаруашылығын басқару органдарының үлгілік штат кестесі және ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мақұлдансын.
      2. Облыс әкімдеріне облыстық және аудандық ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен штатын қалыптастырғанда осы қаулымен мақұлданған Үлгілік штат кестелерін басшылыққа алу ұсынылсын.
      3. Облыс әкімдері 1999 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) өз төлем жасау қабілетін қалпына келтіруге нақты мүмкіншіліктері жоқ дәрменсіз шаруашылықтарды тарату процесін аяқтау жөнінде кешенді шаралар жүргізсін;
      2) барлық ауыл шаруашылығы ұйымдарында шаруашылықішілік өндірістік қарым-қатынастарды жетілдіру, өндіріс құрылымын оңтайландыру, шығынды шаруашылықтарды бөліп көрсету және ауыл халқын жұмыспен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      3) шаруа (фермер) қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің патенттік салық жүйесіне көшуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) ауылдағы экономикалық реформалардың барысына әдістемелік басшылықты қамтамасыз етсін;
      2) 1999 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығына қаржы және материалдық-техникалық ресурстардың құйылуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізсін;
      3) Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып, 1999 жылдың 1 наурызына дейін мыналарды қолдау және ынталандыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын дайындап, Үкіметке енгізсін:
      отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімін ұқсататын жеңіл және тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметі;
      ауыл шаруашылығы машина жасау ұйымдарының қызметі және

машина-технологиялық станциялардың жүйесін, ауыл шаруашылығы техникасын 
жалға беру пункттерін құру;
     ауылдық жерлерде ақпараттық-маркетингтік қызмет, дайындау 
пункттерінің, сауда-сатып алу ұйымдарының жүйелерін, сондай-ақ ауыл 
шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімін өткізу жүйесін құру.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                  
                                                Қазақстан Республикасы
                                                      Үкіметінің
                                             1998 жылғы 10 желтоқсандағы
                                                  N 1270 қаулысымен
                                                     мақұлданған
     
                 Облыстық ауыл шаруашылығын басқару
            органының үлгілік штат кестесі (ең шағын кесте)
     
     Облыстық басқару органының бастығы       1
     Бастықтың орынбасары                     1
     
            Агроөнеркәсіп кешенінің даму тенденциясын талдау,
                   болжау және реформалау бөлімі
     
     Бөлім бастығы                            1
     АӨК-нің дамуын талдау                    
     және болжау жөніндегі бас маман          2
     Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі
     реформалау жөніндегі бас маман           3
           Жиыны:                             6
     
               Бухгалтерлік есеп, қаржы және салық
                        саясаты бөлімі
     
     Бөлім бастығы                            1
     Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын
     енгізу жөніндегі бас маман               1
     Ауыл шаруашылығын инвестициялау   
     және салық жөніндегі бас маман           1
     Аға маман                                1
               Жиыны:                         4
     
         Маркетинг және аграрлық саясат бөлімі
     Бөлім бастығы - облыстық басқарма бастығының
     орынбасары                               1
     Аграрлық рынок және ауыл шаруашылығы тауар
     өндірушілерін ақпараттық қамтамасыз ету 
     жөніндегі бас маман                      2
     Мал шаруашылығындағы маркетинг
     жөніндегі бас маман                      1
     Өсімдік шаруашылығындағы маркетинг
     жөніндегі бас маман                      1
     Инженерлік-техникалық инфрақұрылым
     жөніндегі бас маман                      1
     Бас маман - асылдандыру ісі жөніндегі    2
     мемлекеттік инспектор
               Жиыны:                         8
     
                     Жалпы бөлім
     
     Жалпы бөлімнің бастығы                   1
     Кадр және арнайы жұмыстар жөніндегі
     жетекші маман
     Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау
     жөніндегі бас маман                      1
     Маман                                    2
                    Жиыны:                    5
     Бас маман-заңгер                         1
     Облыстық басқарма бойынша барлығы:       26
     
                Аудандық ауыл шаруашылығын басқару
                 органының үлгілік штат кестесі
     
     Аудандық басқарма бастығы                1
     Бастықтың орынбасары - болжау және реформалау
     бөлімінің бастығы                        1
     Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі болжау және
     реформалар жөніндегі бас маман           2
     Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын
     енгізу жөніндегі бас маман               1
     Маркетинг жөніндегі бас маман            2
     Бас маман - асылдандыру ісі жөніндегі
     мемлекеттік инспектор                    1
     Жетекші маман                            1
     Маман                                    1
     Басқарма бойынша барлығы:               10
     
         Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары
            қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
     


      Агроөнеркәсіп кешенін талдау және дамыту жөніндегі бас маман шаруашылық жүргізудің барлық нысанындағы агроөнеркәсіп секторының даму тенденциясын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің дайындау, ұқсату және қызмет көрсету ұйымдарымен өзара қарым-қатынасын талдауды, инвесторларға сатылған немесе берілген ауыл шаруашылығы құралымдарының дамуын талдап, соның негізінде ауыл шаруашылығы секторының қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге арналған даму болжамын жасайды.
      Ауыл шаруашылығын реформалау жөніндегі бас маман реформалар барысын, оның ішінде дәрменсіз ауыл шаруашылығы ұйымдарын оңалту, санациялау, банкроттау және тарату мәселелері бойынша үйлестіру мен оның мониторингін жасауды қамтамасыз етеді, ауылда реформаларды тереңдету және саланы қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыруда нақты көмек көрсетеді.
      Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жөніндегі бас бухгалтер мен бас маман шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтіруге жәрдемдеседі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы, баланстың өтімділігі, берешек борыштардың құрылымы бойынша деректерді жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайына, кредиторлық және дебиторлық берешегіне терең талдау жасаудың негізінде өзара есеп айырысу проблемалары бойынша ұсыныстар әзірлейді, қаржылық қолдау, оның ішінде несие берудің орындылығын негіздейді және басқалары.
      Ауыл шаруашылығы өндірісін инвестициялау, салық жөніндегі бас маман ауыл шаруашылығы өндірісіне отандық және шетелдік технологияларды тартуға жәрдемдеседі, ақпарат жинауды жүзеге асырады және салық қызметтері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасындағы салық салу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, салық салуды реттеу және инвестициялық саясат жөнінде өзінің ұсыныстарын әзірлеп, енгізеді.
      Маркетинг және аграрлық саясат бөлімінің мамандары рынок коньюнктурасына талдау жасайды және соның негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ақпараттық қызмет көрсетуде, материалдық-техникалық жабдықтауда және ауыл шаруашылығы өнімін өткізуде көмек көрсетеді, дайындау жүйесін, көтерме азық-түлік рыноктарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
      Асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспектор шаруашылықтардың барлық санаттарындағы селекциялық, асылдандыру жұмысына, асыл тұқымды мал мен асылдандыру материалдарының (ұрық, эмбриондар, ұрықтанған жыныс клеткасы және басқалары) әкетілуі мен әкелінуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, селекциялық жетістіктерді сынауға қатысады, асылдандыру ісі жөніндегі құжаттардың сенімділігін тексереді және растайды.
      Инженерлік-техникалық инфрақұрылым жөніндегі бас маман ауыл шаруашылығы құралымдарының техникалық жарақтандырылуы мен энергиямен жабдықталуын талдаудың негізінде машина-технологиялық станциялардың, ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру пункттерінің жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және осы жұмысты үйлестіреді.
      Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымына кіретін комитеттердің аумақтық бөлімшелері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығын басқару органдарына орман, балық және аң шаруашылығы, мал дәрігерлігі, жер

ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердің, сондай-ақ су 
ресурстары жөніндегі комитеттердің қызметін үйлестіру функциясы жүктеледі.
     Аталған барлық функционалдық міндеттерді ауыл шаруашылығын 
мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы 
заңдарының талаптарын орындай отырып атқарады.
            
    Оқығандар:     
  Орынбекова Д.К.
  Кобдалиева Н.М.
     
     
      
      


О неотложных мерах по углублению реформ на селе и финансовому оздоровлению сельской экономики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1998 года № 1270

      В целях углубления реформ на селе и финансового оздоровления сельской экономики Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемые Типовые штатные расписания областного и районного органов управления сельским хозяйством и функциональные обязанности сотрудников государственных органов управления сельским хозяйством, разработанные Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Рекомендовать акимам областей при формировании структуры и штатов областных и районных государственных органов управления сельским хозяйством руководствоваться Типовыми штатными расписаниями, одобренными настоящим постановлением.
      3. Акимам областей в срок до 1 апреля 1999 года в установленном законодательством порядке:
      1) провести комплекс мер по завершению процесса ликвидации несостоятельных хозяйств, не имеющих реальных возможностей по восстановлению своей платежеспособности;
      2) принять меры по совершенствованию во всех сельскохозяйственных организациях внутрихозяйственных производственных отношений, оптимизации структуры производства, выделению убыточных участков и полному обеспечению занятости сельского населения;
      3) обеспечить переход крестьянских (фермерских) хозяйств и сельскохозяйственных товаропроизводителей на патентную систему налогообложения.
      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан:
      1) обеспечить методическое руководство за ходом экономических реформ на селе;
      2) в срок до 1 февраля 1999 года внести в Правительство Республики Казахстан предложения по обеспечению притока финансовых и материально-технических ресурсов в сельскохозяйственное производство;
      3) совместно с Министерством энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в срок до 1 марта 1999 года разработать и внести в Правительство План мероприятий по поддержке и стимулированию:
      деятельности организаций легкой и пищевой промышленности, перерабатывающих продукцию отечественных сельскохозяйственных товаропроизводителей;
      деятельности организаций сельского машиностроения и создания сети машинно-технологических станций, пунктов проката сельскохозяйственной техники;
      создания сети информационно-маркетинговой службы, заготовительных пунктов, торгово-закупочных организаций в сельской местности, а также системы сбыта продукции, произведенной сельскохозяйственными товаропроизводителями.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Карибжанова Ж.С.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан
                                                         Одобрены 

постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1998 года № 1270


                       Типовое штатное расписание

           областного органа управления сельским хозяйством 
                           (минимальное)
     
     Начальник областного органа управления              1
     Заместитель начальника                              1
     
                 Отдел анализа тенденций развития АПК,
                      прогнозирования и реформ 
     Начальник отдела                                    1
     Главный специалист по анализу и прогнозированию 
     развития АПК                                        2
     Главный специалист по реформированию в 
     сельскохозяйственном производстве                   3
          Итого                                          6
     
                Отдел бухучета, финансов и налоговой 
                             политики  
     Начальник отдела                                    1
     Главный специалист по учету и внедрению стандартов
     бухучета                                            1
     Главный специалист по инвестициям и в 
     сельскохозяйственное производство, налогам          1
     Старший специалист                                  1
          Итого                                          4
     
                Отдел маркетинга и аграрной политики 
     Начальник отдела - заместитель начальника 
     областного управления                               1
     Главный специалист по аграрным рынкам, 
     информационному обеспечению сельских 
     товаропроизводителей                                2
     Главный специалист по маркетингу 
     в животноводстве                                    1
     Главный специалист по маркетингу 
     в растениеводстве                                   1
     Главный специалист по инженерно-технической   
     инфраструктуре                                      1
     Главный специалист - государственный 
     инспектор по племенному делу                        2
          Итого                                          8
     
                         Общий отдел 
     Начальник общего отдела                             1
     Ведущий специалист по кадровой и спецработе         1
     Главный специалист документационного 
     обеспечения и контроля                              1
     Специалист                                          2
          Итого                                          5
     Главный специалист - юрист                          1
     Всего по областному управлению                      26
     
                     Типовое штатное расписание 
           районного органа управления сельским хозяйством
     Начальник районного управления                      1
     Заместитель начальника - начальник отдела
     прогнозирования и реформ                            1
     Главный специалист по прогнозированию и реформам 
     в сельхозпроизводстве                               2
     Главный специалист по учету и внедрению 
     стандартов бухучета                                 1
     Главный специалист по маркетингу                    2
     Главный специалист - государственный 
     инспектор по племенному делу                        1
     Ведущий специалист                                  1
     Специалист                                          1
          Всего по управлению                            10
     
                 Функциональные обязанности сотрудников 
          государственных органов управления сельским хозяйствам
     


      Главный специалист по анализу и развитию агропромышленного комплекса обеспечивает анализ тенденций развития агропромышленного сектора всех форм хозяйствования, взаимодействия сельскохозяйственных товаропроизводителей с заготовительными, перерабатывающими и обслуживающими организациями, анализ развития сельхозформирований, переданных или проданных инвесторам и на этой основе составляет прогнозы развития агропромышленного сектора на краткосрочную, среднесрочную и долгосрочную перспективы.
      Главный специалист по реформированию сельскохозяйственного производства обеспечивает координацию и мониторинг хода реформ, в том числе по вопросам реабилитации, санации, банкротства и ликвидации несостоятельных сельхозорганизаций, оказывает практическую помощь в реализации программы углубления реформ на селе и финансовому оздоровлению отрасли.
      Главный бухгалтер и главный специалист по учету и внедрению стандартов бухучета оказывают содействие хозяйствующим субъектам в приведение бухгалтерского учета в сельскохозяйственных организациях в соответствие с требованиями законодательства Республики Казахстан, обеспечивает сбор и анализ данных по финансовому положению хозяйствующих субъектов, ликвидности балансов, задолженности, структуре долгов, и на основе глубокого анализа финансового состояния хозяйствующих субъектов, кредиторской и дебиторской задолженности разрабатывают предложения по проблемам взаиморасчетов, обосновывают целесообразность предоставления финансовой поддержки, в том числе кредитов, и прочее.
      Главный специалист по инвестициям в сельскохозяйственное производство, налогам содействует привлечению и внедрению в сельскохозяйственное производство отечественных и иностранных технологий, осуществляет сбор информации и координирует работу по налогообложению между налоговыми службами и сельхозтоваропроизводителями, разрабатывает и вносит свои предложения по упорядочению налогообложения и инвестиционной политики.
      Специалисты отдела маркетинга и аграрной политики обеспечивают анализ коньюктуры рынка и на этой основе оказывают помощь сельхозтоваропроизводителям в информационных услугах, материально-техническом обеспечении и сбыте сельхозпродукции, координируют работу по созданию заготовительной сети, оптово-продовольственных рынков.
      Государственный инспектор по племделу осуществляет государственный контроль за селекционно-племенной работой во всех категориях хозяйств, завозом и вывозом племскота и племенного материала (сперма, эмбрионы, зиготы и так далее), участвует в апробации селекционных достижений, проверяет и подтверждает достоверность документов по племделу.
      Главный специалист по инженерно-технической инфраструктуре на основе анализа технической оснащенности и энерговооруженности сельхозформирований готовит предложения и координирует работу по созданию сети машинно-технологических станций, пунктов проката сельхозтехники.
      Кроме того, для обеспечения эффективной работы территориальных подразделений комитетов, входящих в структуру Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, на областные органы управления сельским хозяйством возлагаются функции координации деятельностью территориальных комитетов по лесному, рыбному и охотничьему хозяйству, ветеринарии, управлению земельными ресурсами, а также территориальных комитетов по водным ресурсам.
      Все перечисленные функциональные обязанности исполняются сотрудниками

государственных органов управления сельским хозяйством с соблюдением 
требований законодательства Республики Казахстан.
     
     
(Корректор:  И. Склярова
 Специалист: Э. Жакупова)