1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған, қоса беріліп отырған Облыстық және аудандық ауыл шаруашылығын басқару органдарының үлгілік штат кестесі және ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мақұлдансын.
2. Облыс әкімдеріне облыстық және аудандық ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен штатын қалыптастырғанда осы қаулымен мақұлданған Үлгілік штат кестелерін басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Облыс әкімдері 1999 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өз төлем жасау қабілетін қалпына келтіруге нақты мүмкіншіліктері жоқ дәрменсіз шаруашылықтарды тарату процесін аяқтау жөнінде кешенді шаралар жүргізсін;
2) барлық ауыл шаруашылығы ұйымдарында шаруашылықішілік өндірістік қарым-қатынастарды жетілдіру, өндіріс құрылымын оңтайландыру, шығынды шаруашылықтарды бөліп көрсету және ауыл халқын жұмыспен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
3) шаруа (фермер) қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің патенттік салық жүйесіне көшуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) ауылдағы экономикалық реформалардың барысына әдістемелік басшылықты қамтамасыз етсін;
2) 1999 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығына қаржы және материалдық-техникалық ресурстардың құйылуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізсін;
3) Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып, 1999 жылдың 1 наурызына дейін мыналарды қолдау және ынталандыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын дайындап, Үкіметке енгізсін:
отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімін ұқсататын жеңіл және тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметі;
ауыл шаруашылығы машина жасау ұйымдарының қызметі және
машина-технологиялық станциялардың жүйесін, ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру пункттерін құру; ауылдық жерлерде ақпараттық-маркетингтік қызмет, дайындау пункттерінің, сауда-сатып алу ұйымдарының жүйелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімін өткізу жүйесін құру. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1270 қаулысымен мақұлданған Облыстық ауыл шаруашылығын басқару органының үлгілік штат кестесі (ең шағын кесте) Облыстық басқару органының бастығы 1 Бастықтың орынбасары 1 Агроөнеркәсіп кешенінің даму тенденциясын талдау, болжау және реформалау бөлімі Бөлім бастығы 1 АӨК-нің дамуын талдау және болжау жөніндегі бас маман 2 Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі реформалау жөніндегі бас маман 3 Жиыны: 6 Бухгалтерлік есеп, қаржы және салық саясаты бөлімі Бөлім бастығы 1 Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жөніндегі бас маман 1 Ауыл шаруашылығын инвестициялау және салық жөніндегі бас маман 1 Аға маман 1 Жиыны: 4 Маркетинг және аграрлық саясат бөлімі Бөлім бастығы - облыстық басқарма бастығының орынбасары 1 Аграрлық рынок және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бас маман 2 Мал шаруашылығындағы маркетинг жөніндегі бас маман 1 Өсімдік шаруашылығындағы маркетинг жөніндегі бас маман 1 Инженерлік-техникалық инфрақұрылым жөніндегі бас маман 1 Бас маман - асылдандыру ісі жөніндегі 2 мемлекеттік инспектор Жиыны: 8 Жалпы бөлім Жалпы бөлімнің бастығы 1 Кадр және арнайы жұмыстар жөніндегі жетекші маман Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі бас маман 1 Маман 2 Жиыны: 5 Бас маман-заңгер 1 Облыстық басқарма бойынша барлығы: 26 Аудандық ауыл шаруашылығын басқару органының үлгілік штат кестесі Аудандық басқарма бастығы 1 Бастықтың орынбасары - болжау және реформалау бөлімінің бастығы 1 Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі болжау және реформалар жөніндегі бас маман 2 Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жөніндегі бас маман 1 Маркетинг жөніндегі бас маман 2 Бас маман - асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспектор 1 Жетекші маман 1 Маман 1 Басқарма бойынша барлығы: 10 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінің функционалдық міндеттері
Агроөнеркәсіп кешенін талдау және дамыту жөніндегі бас маман шаруашылық жүргізудің барлық нысанындағы агроөнеркәсіп секторының даму тенденциясын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің дайындау, ұқсату және қызмет көрсету ұйымдарымен өзара қарым-қатынасын талдауды, инвесторларға сатылған немесе берілген ауыл шаруашылығы құралымдарының дамуын талдап, соның негізінде ауыл шаруашылығы секторының қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге арналған даму болжамын жасайды.
Ауыл шаруашылығын реформалау жөніндегі бас маман реформалар барысын, оның ішінде дәрменсіз ауыл шаруашылығы ұйымдарын оңалту, санациялау, банкроттау және тарату мәселелері бойынша үйлестіру мен оның мониторингін жасауды қамтамасыз етеді, ауылда реформаларды тереңдету және саланы қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыруда нақты көмек көрсетеді.
Есеп және бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жөніндегі бас бухгалтер мен бас маман шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтіруге жәрдемдеседі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы, баланстың өтімділігі, берешек борыштардың құрылымы бойынша деректерді жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайына, кредиторлық және дебиторлық берешегіне терең талдау жасаудың негізінде өзара есеп айырысу проблемалары бойынша ұсыныстар әзірлейді, қаржылық қолдау, оның ішінде несие берудің орындылығын негіздейді және басқалары.
Ауыл шаруашылығы өндірісін инвестициялау, салық жөніндегі бас маман ауыл шаруашылығы өндірісіне отандық және шетелдік технологияларды тартуға жәрдемдеседі, ақпарат жинауды жүзеге асырады және салық қызметтері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасындағы салық салу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, салық салуды реттеу және инвестициялық саясат жөнінде өзінің ұсыныстарын әзірлеп, енгізеді.
Маркетинг және аграрлық саясат бөлімінің мамандары рынок коньюнктурасына талдау жасайды және соның негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ақпараттық қызмет көрсетуде, материалдық-техникалық жабдықтауда және ауыл шаруашылығы өнімін өткізуде көмек көрсетеді, дайындау жүйесін, көтерме азық-түлік рыноктарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспектор шаруашылықтардың барлық санаттарындағы селекциялық, асылдандыру жұмысына, асыл тұқымды мал мен асылдандыру материалдарының (ұрық, эмбриондар, ұрықтанған жыныс клеткасы және басқалары) әкетілуі мен әкелінуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, селекциялық жетістіктерді сынауға қатысады, асылдандыру ісі жөніндегі құжаттардың сенімділігін тексереді және растайды.
Инженерлік-техникалық инфрақұрылым жөніндегі бас маман ауыл шаруашылығы құралымдарының техникалық жарақтандырылуы мен энергиямен жабдықталуын талдаудың негізінде машина-технологиялық станциялардың, ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру пункттерінің жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және осы жұмысты үйлестіреді.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымына кіретін комитеттердің аумақтық бөлімшелері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығын басқару органдарына орман, балық және аң шаруашылығы, мал дәрігерлігі, жер
ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттердің, сондай-ақ су ресурстары жөніндегі комитеттердің қызметін үйлестіру функциясы жүктеледі. Аталған барлық функционалдық міндеттерді ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындай отырып атқарады. Оқығандар: Орынбекова Д.К. Кобдалиева Н.М.