1998 жылдың сәуір айында Жамбыл облысының Жуалы ауданында орын алған табиғат апатының зардаптарын жою мақсатында және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттың есебінен Жамбыл облысының әкіміне Жуалы ауданында болған дауыл мен қалың жауынның салдарынан болған төтенше оқиғалардың зардаптарын жоюға байланысты шығындарды өтеуге, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 15 (он бес) млн. теңге бөлінсін.
2. Жамбыл облысының әкімі 1999 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне
орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы баяндасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі