Еркін кеден аймақтары және еркін қоймаларға кейбір тыйым салуларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1326 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 заң күші бар Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда алкогольді өнімдердің өндірісінде қолданылатын және еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар режимдерінде ресімделген тауарларды өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 заң күші бар Жарлығына еркін кеден аймақтарында және еркін қоймаларда Қазақстан Республикасының Кеден заңдарында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңделмеген тауарларды сатуға тыйым салуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізетін болсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об установлении отдельных запретов в свободных таможенных зонах и на свободных складах

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 1998 года N 1326. Утратило силу - постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681 (P030681)

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющего силу закона, от 20 июля 1995 года N 2368  "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Запретить в свободных таможенных зонах и на свободных складах проведение операций по переработке товаров, используемых в производстве алкогольной продукции и оформленных в таможенных режимах свободных таможенных зон и свободных складов.
     2. Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан в месячный срок внести в Правительство Республики Казахстан предложение о внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 20 июля 1995 года N 2368  "О таможенном деле в Республике Казахстан", предусматривающих запрещение реализации товаров в свободных таможенных зонах и на свободных складах без их достаточной переработки в соответствии с критериями, установленными таможенным законодательством Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство государственных доходов Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан