Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу қорының 1998 жылға арналған бюджеті туралы" 1998 жылғы 25
наурыздағы N 259
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 9, 66-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Шығыстар" деген II тарауда:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
оның ішінде "Шағын несие" үкіметтік емес
ұйымының аппаратын ұстауға 3000";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жұмыспен қамту қызметін ұстау 856200
оның ішінде:
әкімшілік ғимаратты қайта жаңарту және күрделі
жөндеу 170000
аумақтарды жайластыру және жиһаздар алу 40000"
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.