Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші кешенін көлік құралдарымен
және жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы
кәсіпорындарының конверсиялық бағдарламаларды орындауы мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
белгілеген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарына:
"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамына:
КрАЗ-257, 255 - 20 дана
ЗИЛ-131 - 5 дана
"Куйбышев атындағы машина жасау зауыты" акционерлік қоғамына:
КрАЗ-257, 255 - 10 дана көлемде одан әрі қайта жабдықтау және кейін
бірлесіп іске асыру үшін толықтырып жарақтандыру мақсатында 3-ші және 4-ші
санаттардағы автомобильдерді беруді қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.