Әскери мүліктің бір бөлігін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 1361

 


     Қазақстан Республикасының мұнай өндіруші кешенін көлік құралдарымен

және жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы

кәсіпорындарының конверсиялық бағдарламаларды орындауы мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

белгілеген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарына:

     "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамына:

     КрАЗ-257, 255   - 20 дана

     ЗИЛ-131         - 5 дана

     "Куйбышев атындағы машина жасау зауыты" акционерлік қоғамына:

     КрАЗ-257, 255   - 10 дана көлемде одан әрі қайта жабдықтау және кейін

бірлесіп іске асыру үшін толықтырып жарақтандыру мақсатында 3-ші және 4-ші

санаттардағы автомобильдерді беруді қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


  Оқығандар:

Орынбекова Д.К.

Қобдалиева Н.М.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады