Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметі
арасында 1998 жылғы 22 қазанда Тбилиси қаласында жасалған құқықтық ақпарат
алмасу туралы Келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның
Атқарушы Өкіметі арасындағы Құқықтық ақпарат
алмасу туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 8-құжат)
(1999 жылғы 4 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Грузияның Атқарушы Өкіметі,
достық және өзара түсіністік қарым-қатынасты нығайтуға тілек білдіре
отырып,
құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
екі мемлекеттің заңдары туралы өзара ақпарат алмасуды жақсарту жөніндегі қарым-қатынастарды дамытудың қажеттілігін түсіне отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар жариялауға ашық, мемлекетаралық алмасуға жататын Нормативтік құқықтық актілер тізбесінде (қоса беріліп отыр) көрсетілген мәселелер жөнінде екі жақты құқықтық ақпараттық актілерді алмасу қажеттігін мойындайды.
Жоғарыда көрсетілген Тізбе Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша
өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
2-бап
Тараптардың әрқайсысы нормативтік құқықтық актілер туралы сұратылған
ақпаратты екінші Тарапқа беруге міндеттенеді.
Ынтымақтастық барысында Тараптардың біреуі алған ақпарат үшінші
Тарапқа осы ақпаратты ұсынған Тараптың келісімі болған жағдайда ғана
берілуі мүмкін.
Ынтымақтастық кезінде алынған ақпарат тараптардың мүдделеріне зиян
келтіретіндей болып пайдаланылмауы тиіс.
3-бап
Тараптар ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық
ақпарат алмасу үшін мәліметтердің меншікті эталондық базасын ұйымдастырады.
4-бап
Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру жөніндегі келісілген
шараларды іске асыра отырып, тиісінше:
ақпаратты пайдаланылатын субъектілердің тізбесін;
ақпараттың ашықтық деңгейін, құжатталу тәртібін, оны пайдалануды,
сақталуын, таратылуын және қорғалуын айқындайтын нормативтік белгіленген
ережелерді анықтайды.
5-бап
Тараптар әділет министрліктерін құқықтық ақпарат жүйесін құру мен
алмасу жөніндегі жұмыстарды үйлестірушілер етіп белгілейді.
6-бап
Тараптар бірігіп пайдалану үшін белгіленген құқықтық ақпараттың ұлттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді (мәліметтердің эталондық базалары), оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық мәліметтердің толықтығы, шек келтірмейтіндігі және дер кезінде ұсынылуы үшін жауапкершілікте болады.
7-бап
Құқықтық ақпарат орыс тілінде және тегін берілуге тиіс. Шұғыл
хабарламалар мен материалдарды беру үшін электронды, факсимильді және өзге
де байланыс құралдары пайдаланылуы мүмкін.
8-бап
Тараптар:
мәліметтер базаларын алмасу кезінде бір-біріне нормативтік құқықтық
актілер жіктегіштерін ұсынуды;
қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық жүйелер ресурстарын,
сондай-ақ жаңадан құрылған құпия байланыс жүйесін пайдалана отырып
құқықтық ақпарат алмасуды жүргізу қажет деп санайды.
Құқықтық ақпаратты алмасу екі мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге
асырылады.
9-бап
Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары
мен міндеттерін қозғамайды.
10-бап
Келісім Тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы
мүмкін.
Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі
болып табылатын Хаттамалармен ресімделеді.
11-бап
Тараптар арасындағы даулар мен пікір алшақтықтары екі жақты келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.
12-бап
Осы Келісім Тараптардың мемлекетішілік процедураларды орындағаны туралы соңғы мәлімдемені алған күнінен бастап күшіне енеді, және егер осы Келісім қолданысының мерзімі біткенге дейін кем дегенде алты ай бұрын Тараптардың бірі өзінің осы Келісімнің күшін тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа мәлімдемесе Келісім күшінің мерзімі кейінгі әр бес жылға өздігінен ұзартыла отырып, бес жыл бойы күшінде болады
Тбилиси қаласында 1998 жылғы 22 қазанда әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
Қазақстан Грузияның
Республикасының Атқарушы
Үкіметі үшін Өкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Грузияның Атқарушы Өкіметі арасындағы
Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімге
қосымша
Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік
құқықтық актілердің
Тізбесі
1. Мемлекеттік құрылыс негіздері
2. Мемлекеттік қауіпсіздік
3. Қорғаныс
4. Мемлекеттік қызмет
5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық қатынастар
6. Әкімшілік заңдар
7. Әділет, сот, прокуратура
8. Қоғамдық тәртіпті сақтау
9. Қылмыстық заңдар
10. Қылмыстық іс жүргізу заңдары
11. Қылмыстық атқарушылық заңдары
(еңбекпен түзеу заңдары)
12. Азаматтық және отбасылық құқық
13. Азаматтық-іс жүргізу және шаруашылық заңдары
14. Еңбек және халықты жұмыспен қамту
15. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету
16. Қаржы және несие
17. Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет
18. Өнеркәсіп
19. Құрылыс және сәулет кешендері
20. Ауыл шаруашылығы
21. Сауда
22. Көлік және байланыс
23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет
көрсету
24. Білім, ғылым, мәдениет
25. Денсаулық сақтау
26. Жер туралы, оның қойнаулары, су, ауа кеңістігі туралы, өсімдік,
жан-жануарлар әлемі және табиғи байлықтар туралы заңдар
27. Қоршаған ортаны қорғау
28. Геодезия, картография, гидрометеорология
29. Халықаралық жекеше құқық және процесс
30. Кеден ісі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.